Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ПИЛОТТЫҚ ЖОБАҒА ЖОЛ АШЫЛДЫ

ПИЛОТТЫҚ ЖОБАҒА ЖОЛ АШЫЛДЫ

  Мемлекет басшысы биылғы халыққа арнаған Жолдауында табысты өткен екі жаңғырудан кейін, алға батыл қадам жасап, Үшінші жаңғыруды бастау керектігін атап өтіп, осы тұста ең маңыздысы – бірінші басымдық ретінде жеделдетілген технологиялық жаңғырту екеніне айрықша тоқталған болатын. Осы ретте, цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияны өркендету – маңызды міндет екенін ескерсек, бүгінгі таңда осы жұмыстар жергілікті полиция қызметкерлерінің жұмысын жеделдетуге өз септігін тигізіп отыр. Олай дейтініміз, бүгін аудан әкімдігі мен аудан прокуратурасының ұсынысы жергілікті кәсіпкер, аудандық мәслихат хатшысы Ақыл Сәдуақасова тарапынан қолдау тапты.
Нақтырақ айтқанда, белді кәсіпкер «Туған жер» арнайы жобасы аясында кіші «Атамекен» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында «Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімі» жобасы енгізілген планшеттер мен принтер жиынтығын алуға қолдау танытты.
Бүгін, арнайы жүйеге қосылған құрылғыларды аудан әкімі М.Оразбаев аудандық ішкі істер бөліміне табыстап, жүйенің артықшылықтарына тоқталды. Жаңа жүйенің басты артықшылығы – әкімшілікті істерді рәсімдеуде уақыт үнемделеді. Мәселен, бүгінгі таңда бір хаттаманы қағазға жазып тұруға 15-20 минут кетсе, енді планшет арқылы 3-5 минутта толтыруға болады. Яғни, планшет құрылғысына құқық бұзушының ЖСН нөмірін енгізсе болғаны, барлық мәліметі база арқылы сайрап тұрады.
Аталған жоба «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылып жатқанын атап өту қажет. Сондай-ақ, келешекте, бұл планшеттердің санын көбейту көзделіп отыр.
10 қараша 2017 ж. 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1474)

25 қыркүйек 2018 ж.

№71 (1473)

22 қыркүйек 2018 ж.

№70 (1472)

18 қыркүйек 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 632 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам