Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА САТУШЫСЫЗ ДҮКЕН АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА САТУШЫСЫЗ ДҮКЕН АШЫЛДЫ

    Қызылорда алғаш рет "Адалдық дүкені" ашылды. Аталған сауда орталығы Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университет қабырғасынан бой көтерді.
Жаңашыл дүниені жоғарғы оқу орнының студенттері де жылы қабылдауда. Сыр өңіріндегі серпінді жоба - ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Қызылордадағы департаменттің қолдауы бойынша жүзеге асты. "Адалдық дүкені" деген атауды иеленге жаңа сауда орны өз-өзіне қызмет көрсету жүйесіне негізделген. Мұнда оқытушылар мен студенттер өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауардың ақшасын арнайы жәшікке қалдырады. Дүкенде ешкім сатып алушыларды бақыламайды және тауардың ақшасын төлемей алып кетуіне кедергі жасамайды. Мұнда бейнебақылау камералары, тіпті күзет те жоқ. Барлығы сенім мен адалдыққа бағытталған. Бұл тәжірбие әлемнің кейбір мемлекеттерінде жүзеге асуда. Пайдасы шаш етектен болмаса да, болшақ ұрпақты тәрбиелеудегі тиімді шарттардың бірі екендігі сөзссіз. Әзірге тек бір білім ұясында орналасқан дүкенді алдағы уақытта Сырдың бас шаһарындағы барлық оқу орындарына енгізу жоспарда бар.Мұндай дүкендерді енгізу Сыр жастарының жағымды моральдық қасиеттерін дамытып, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеуге бағытталған. Яғни бұл факторлар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті» қалыптастыруға тікелей әсер етеді.
06 желтоқсан 2018 ж. 120 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (1495)

11 желтоқсан 2018 ж.

№92 (1494)

08 желтоқсан 2018 ж.

№91 (1493)

30 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 123 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам