Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ӘРІПТЕСІН АЛДАП АҚША АЛҒАН ӘЙЕЛДІҢ БАС БОСТАНДЫҒЫ ШЕКТЕЛДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ӘРІПТЕСІН АЛДАП АҚША АЛҒАН ӘЙЕЛДІҢ БАС БОСТАНДЫҒЫ ШЕКТЕЛДІ

   Өзінің қызметтес әріптесін алдап, 300 мың теңге ақша алған Қызылорда қаласында тұратын азаматшаға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл қылмыстық іс Қызылорда қалалық №2 сотында қаралды. Азаматша өзінің қызметтік әріптесін банкке менеждер қызметіне тұрғызуға қол ұшын созатынын айтқан. Сол үшін 300 мың теңге алған. Бұл оқиға өткен жылдың қараша айында болды. Одан кейін тағы бір танысына әлеуметтік төлем мәселесінде көмектесетінін жеткізіп, одан алған 60 мың теңгені алып жеке бас пайдасына жаратқан. Дегенмен ол соңғысының ақшасын қайтарып, одан кешірім алған.
«Соңғы жылдары әйелдер арасында алаяқтық деректері жиі кездеседі. Бұл оқиға бойынша алаяқтық жасаған әйелге төмендегіше шешім шығардық. Оның асырауында жас балалары бар. Бұрын сотты болмаған. Осындай жағдайларды ескере отырып, бұл азаматшаның бас бостандығы 1 жылға шектелді», - деп хабарлайды Қызылорда қалалық №2 сотының судьясы Күмісбай Қосекеев.
Бұдан бұрын Қызылордада көпбалалы ана алаяқтық қылмысы үшін жазаға тартылғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ, Қызылордада тұрғындардың 3 млн теңгесін алып кеткен алаяқ әйел сотталды.


06 желтоқсан 2018 ж. 110 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (1495)

11 желтоқсан 2018 ж.

№92 (1494)

08 желтоқсан 2018 ж.

№91 (1493)

30 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 123 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам