Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жігерге Толы Жүректер

Жігерге Толы Жүректер

   Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде халықаралық мүгедектер күніне орай «Армансыз күнім болмайды» атты салтанатты шара өткізілді. Бұл шара  Біріккен Ұлттар ұйымының ұйғарымымен 1992 жылдан бастап атап өтіледі. Мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау,әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аудару.         Салтанатты шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, мүмкіндігі шектеулі жандарға өз лебізін білдірді.  
         – Елбасының тапсырмасы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық жасалып келеді. Ол еліміздегі  ең маңызды ұлттық мәселенің бірі. Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған мүгедектердің құқықтарын қорғау Конвенциясына қол қойды. Олардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында 2013 жылы арнайы. «Жол картасына» сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде,– деді аймақ басшысы.
         Қазіргі таңда аймақта 29 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Олармен 10 ұйым жұмыс істейді. Биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 173 жобаны іске асыруға 1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 18 жастан асқан туа біткен мүгедектігі бар жандардың қамқоршыларына мемлекеттік жәрдемақы және арнайы әлеуметтік төлемдер уақытында төленеді. Ал 1 мамырдан бастап 1-топтағы мүгедектігі бар адамдардың көмекшілерінің жұмыс күні ұзақтығы 4 сағатқа дейін ұзартылды және олардың еңбекақысы көбейді. Тағдырдың тәлкегіне түскен жарымжан жандарды қоғамға бейімдеп, олардың еңсесін тіктеп, өзгелер секілді өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау – бүгінгі қоғамның басты талабы.
          Мерекелік шарада мүмкіндігі шектеулі белсенді азаматтар – спортшылар, әншілер мен бишілер, еріктілер мен кәсіпкерлер марапатталды. Денсаулығына қарамастан, олар өз отбасыларын қамтамасыз етіп келеді. Республикалық және халықаралық жарыстарда жеңіске жетіп, бір-біріне және басқа да адамдарға көмек, қолдау көрсетеді.
         «Халық банкі» АҚ Қызылорда филиалы, «Уақып» және «Дос» қайырымдылық қорлары іс-шараға қатысушыларға арнайы жабдықталған «Инватакси» автокөлігі мен кресло-арбаларды сыйлады.
         Аймақта мүмкіндігі шектеулі адамдарды еңбекпен  қамту басты назарда. Осы орайда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі тұрақты түрде өтіп тұрады.
                Жалпы, мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында атқарылған тірлік жетерлік. Оларға жасалатын әрбір көмек еш уақытта толастамауға тиіс.
                                                         Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ.
08 желтоқсан 2018 ж. 862 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (1652)

08 шілде 2020 ж.

№50 (1651)

04 шілде 2020 ж.

№49 (1650)

30 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 568 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам