Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТҰҒЫРЫҢ БИІК, ТУҒАН ЖЕР!

ТҰҒЫРЫҢ БИІК, ТУҒАН ЖЕР!

Облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен «Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының әлеуметтік жобасы шеңберінде «Туған жерге тағзым» акциясының іс-шаралары жүзеге асырылуда. Жалпыұлттық патриотизмнің өзегіне айналған жоба аясында бүгінде халықтық мүддені көздейтін мәдени-рухани шаралар нақты қолға алынып келеді. Осы орайда аталмыш акцияға жерлестерді шақыру мақсатында үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам белсенділерінің «Азаматтық бастама» тақырыбында үндеуі жарияланды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық «Азаматтық Альянсы» қауымдастығының директоры Ақтолқын Шерехан, «Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының директоры Ғабит Тұяқбаев, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту» қоғамдық қорының басшысы Жандос Тұсмағанбетов пен блогер Ерлан Мұсаев бастаған қоғамдық пікір белсенділері хабарлады. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Патриотизм – кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» деген салиқалы сөзін басшылыққа алған олар туған жерді бірге түлетуге, ел мүддесін жаңғыртуға көшбасшы болған тұлғалардың жарқын істерін халық арасында кеңінен насихаттауға, дәріптеуге бағыттады.

Бағлан ЖАРЫЛҚАПҚЫЗЫ.
13 қараша 2017 ж. 264 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1474)

25 қыркүйек 2018 ж.

№71 (1473)

22 қыркүйек 2018 ж.

№70 (1472)

18 қыркүйек 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 632 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам