Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ

  «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалында арнайы оқу-жаттығу шарасы өткізілді. Оқу-жаттығуға 8 құрылым, 19 техника, 96 адам қатысып, оқу-жаттығу барысында авариялық-құтқару құрылымдарының қыс мезгілінде газ жүйесінде авария болған жағдайда бірлесіп әрекет етуі машықтандырылды.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалында диспетчерінен Қызылорда қаласы Қажымұқан көшесі н/з мекен-жайда №5 газ таратқыш бекетіне КаМАЗ автокөлігі соғып, жоғарғы қысымды газ жүйесі зақымдалып, газдың ауа шығуы, оқиға орнында өрт ошағы орын алғаны және 2331 абонент және 1 өндірістік кәсіпорын, 31 жеке кәсіпорынды газбен қамтамасыз ету тоқтатылған жөнінде ақпарат түсті.
Бірыңғай кезекшілік диспетчерлік қызмет басқармасының жедел кезекшісі жедел әрекет ететін қызметтерді құлақтандырды.
Оқу-жаттығуды өткізудің жоспарына сәйкес оқиға орны қоғамдық тәртіпті сақтау тобының күштерімен қоршауға алынып, төтенше жағдай аймағында автокөлік қозғалысы реттелді.
Өртке қарсы қызметі автокөлікте орын алған өрт ошағын дер кезінде сөндіріп, құтқару тобы зардап шеккен жүргізушіні төтенше жағдай аймағынан медицина қызметкерлеріне жеткізді.
Газ жүйесіндегі авариялық-техникалық командасы зақымдалған жоғарғы қысымды газ жүйесін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде қала тұрғындарын уақытылы газбен қамтамасыз ету жүзеге асырылып, оқу-жаттығу оң шешімін тапты.
13 қараша 2017 ж. 186 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1474)

25 қыркүйек 2018 ж.

№71 (1473)

22 қыркүйек 2018 ж.

№70 (1472)

18 қыркүйек 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 633 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам