Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АҒАНЫ АРДАҚТАҒАН АЛАШ ҰРПАҒЫМЫЗ

АҒАНЫ АРДАҚТАҒАН АЛАШ ҰРПАҒЫМЫЗ


  Бүгінде қалада 27 мыңнан аса зейнеткер бар. Олардың 2 мыңнан астамы еңбек майданының еңбеккері болса, 21-і Ұлы Отан соғысының ардагері. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген халық даналығымен сусындап өскен халықтың ұрпағымыз. Себебі, біздер ұлт болып ынтымақтасуды, Отанды сүюді, бірлік пен бауырмалдық сынды құнды қасиеттерді көпті көрген қарияларымыздан үйреніп келеміз. Үлкенге деген құрмет қашанда шексіз.
Халықаралық қарттар күніне орай А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Ардагерлер – асыл ардагерім» атты мерекелік шара өтті. Оған қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев және әр сала бойынша еңбек етіп, зейнетін көріп отырған алдыңғы буын өкілдері қатысты. Жүрекжарды лебіз, сый-құрмет, бәрі-бәрі ардагерлерге арналды.
Салтанатты шарада қала басшысы мереке иелерін құттықтап:
– Бұл мереке – аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн. Өңіріміздің аяқтануы мен нығаюына орасан зор үлес қостыңыздар.
Соңғы жылдары Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып, қоғамдық-саяси және рухани келбеті кемелденіп, қала ерекше серпінмен дамып келеді. Шаһар қарқынды құрылыс алаңына айналып, жыл сайын мыңдаған тұрғындар баспаналы болуда. Халықтың сапалы да жайлы тұрмыс кешуіне барлық жағдай жасалған әлеуметтік нысандар және демалыс орындары салынуда. Жолдар жаңарып, айнала ажарланып, тұрмыс түзелуде. Әрине, мұның барлығына біз бір күнде қол жеткізгеніміз жоқ. Кешегі сіздер салған сара жолдың жалғасы, төккен маңдай тер мен еселі еңбектің мәуелі жемісі.
Сол үшін осы сәтті пайдала отырып, бүгінгі жастарға артқан сенімдеріңіз, айтқан ақылдарыңыз, үлгі болар өнегелі істеріңіз үшін шексіз алғысымызды білдіріп, алдарыңызда бас иіп, тағзым етеміз, – деген игі тілегін білдірді.
Содан соң Н.Нәлібаев бірқатар аға буынды қала әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Олардың қатарында ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі Қазбек Рахметов, еңбек ардагерлері – Нұртас Әбдірахманов, Раиса Көзденова, Ұзақбай Бегімбаев сынды басқа да қазыналы қарттар бар. Сонымен қатар, алдыңғы толқын өкілдерін облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалары Сейілбек Шаухаманов және Сайлаубай Әбішев құттықтап, біраз ардагерлер қауымын марапаттады.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.

03 қазан 2017 ж. 1 441 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (1674)

22 қыркүйек 2020 ж.

№72 (1673)

19 қыркүйек 2020 ж.

№71 (1672)

15 қыркүйек 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 11 147 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам