Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСЕЙДЕ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСЕЙДЕ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

  Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларының үздік жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қызылордалық студенттермен кездесті.
Басқосуда Ресейде оқып жүрген студенттердің оқуы мен оларды болашақта жұмыспен қамту, аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық, өндірістік және мәдени дамуының перспективалары сияқты мәселелер талқыланды. К.Көшербаев студенттерге Елбасының Қызылорда облысына қазан айындағы жұмыс сапары, өңірдің 2020 жылға дейінгі инвестициялық стратегиясы, «Байқоңыр» кешенінің дамуы, облыс әкімдігінің ситуациялық орталығы және т.б. жастарды қызықтырған тақырыптар бойынша айтып берді.
Кездесуден кейін Қызылорда облысының әкімдігі Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің ғимаратында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен және басқа да алдыңғы қатарлы техникалық жоғары оқу орындарымен (Мәскеу ұлттық технологиялық зерттеу университеті, И.М. Губкин атындағы Ресей Мемлекеттік мұнай және газ университеті, К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу аграрлық академиясы Ресей мемлекеттік аграрлық университеті және Санкт-Петербургтегі өнеркәсіптік технологиялар мен дизайн мемлекеттік университеті) меморандумға қол қойып, келісім-шарт жасасты.
Қ.Е. Көшербаев Қызылорда облысы Ресейдегі техникалық ЖОО-мен 2014 жылы тығыз әріптестік байланыс орнатқанын айтты. «Ресейдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастық пен тиімді серіктестіктің арқасында облыс мектептерінің 452 түлегі Мәскеу мен Санкт-Петербургтің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алуда», - деді аймақ басшысы. Сондай-ақ, облыс әкімі меморандум аясында 2018 жылдан бастап М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті физика-математика және механика-математикалық мамандықтар бойынша сырбойылық жастарға магистратурада оқу үшін 20 грант бөлетінін жеткізді.
Шараға М.В.Ломоносов атындағы ММУ ректоры Виктор Садовничий және ресейлік жетекші техникалық ЖОО басшылары қатысты.
13 қараша 2017 ж. 136 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (1453)

10 шілде 2018 ж.

№50 (1452)

06 шілде 2018 ж.

№49 (1451)

03 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 114 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам