Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМ ӨТКІЗІЛЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМ ӨТКІЗІЛЕДІ

  Қызылорда облысының әкімдігі 2017 жылдың 15-16 қарашасында облыс орталығында ІХ «Baikonyr Invest» инвестициялық форумы өткізілетінін хабарлайды.
«Халықаралық ынтымақтастықты дамыту» тақырыбына арналған форум мақсаты өңір кәсіпкерлеріне шетелдік және отандық инвесторлармен өзара серіктестік орнатуға ықпал жасау, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бизнес, білім және ғылым өкілдерін біріктіру, экономиканы әртараптандандыру мақсатында маңызды экономикалық бастамаларды дамыту болып отыр.
Форум жұмысы пленарлық отырыстан және 5 секциядан тұрады. Оның бірі «Туған жерге тағзым» секциясына Қызылорда облысынан шығып, еліміздің өзге аймақтарында қызмет ететін іскер азаматтар қатысады. Ал 4 секцияның жұмысы «Қазақстан-Ресей», «Қазақстан-Иран», «Қазақстан-Қытай» және «Қазақстан-Өзбекстан» тақырыбында өтеді.
Форумға Ресей, ҚХР, Өзбекстан және Ираннан делегация қатысады деп күтілуде. Сонымен бірге, шараға Түркия, Оңтүстік Корея, Малайзия елдерінен де қонақтар келеді.
Шара барысында инвестиция талап ететін жобалар көрмесі мен В2В, G2B, G2G кездесулер ұйымдастырылып, бірқатар меморандумдарға қол қойылады. Атап айтқанда, пленарлық отырыс қорытындысымен Қызылорда облысы әкімдігі мен түркиялық «Yildizlar SSS Holding» компаниясы арасында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ мен «Yildizlar SSS Holding» компаниясы арасында құрылтайшылық, Қызылорда облысы әкімдігі мен қытайлық «Xinjiang Bo Bao Trading Co.» компаниясы арасында Қызылорда қаласының сол жағалауында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөнінде меморандумға қол қойылады деп күтілуде.
Оған қоса, әрбір секция қорытындысымен ынтымақтастық жөніндегі бірқатар меморандумдарға қол қойылады.
13 қараша 2017 ж. 254 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (1445)

12 маусым 2018 ж.

№42 (1444)

09 маусым 2018 ж.

№41 (1443)

05 маусым 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 891 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам