Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада 14 жастағы бала көлік айдап, бойжеткенді қағып өлтірді

Қызылордада 14 жастағы бала көлік айдап, бойжеткенді қағып өлтірді

   Қызылордада жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz  КТК  арнасына сілтеме жасап.
ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникация департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың хабарлауынша 2018 жылы 28 желтоқсанда кәмелет жасына толмаған бала көлікпен жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жол-көлік оқиғасы дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталған.  «Автокөлік кінәлі адамның анасына тиесілі. Сол күні ол ата-анасының рұқсатынсыз көлікпен қалаға шығып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Оқиға орнында ол зардап шеккен адамды көлігіне салып, ауруханаға жеткізген. Алайда ол 1 қаңтарда алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды. Жасөспірім өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі уақытта ол анасының қарауына берілді», - делінген хабарламда.  
Сонымен қатар, автокөлік иесіне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Тергеу шаралары ІІМ бақылауына алынды.  
«2018 жылы 28 желтоқсан күні Қызылорда қаласында орын алған ЖКО дерегі бойынша Казақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен және 349-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайлары анықталуда. Тергеу жұмыстары полиция департаменті басшысының және облыс прокурорының ерекше бақылауында», – делінген хабарламада.
08 қаңтар 2019 ж. 321 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (1519)

16 наурыз 2019 ж.

№19(1518)

12 наурыз 2019 ж.

№18 (1517)

07 наурыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 619 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам