Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АРАЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАЛ ЕГУ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

АРАЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАЛ ЕГУ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

 Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында аудан көлемінде «Тал күні» акциясы өтуде.
Табиғаттың тынысын ашу, қоршаған ортаның абаттануына бір кісідей атсалысуды және туған жерді қастерлеуді көздеген акция аясында қыркүйек айында жарияланған санитарлық тазалықтың екі айлығы қорытындыланды. «Туған жер» бағдарламасына орай ұйымдастырылған акция шеңберінде ертеңгілік мезгілден бері ауданға қарасты барлық ауыл-аймақта тазарту жұмыстары жүргізіліп, талдар егілді.
Атап айтқанда, Арал қаласы бойынша қалаға кіре берістегі саябаққа 200 түп тал егілсе, аудандық орталық мешіттің ауласына 50 дана, орталықтағы Т.Медетбаев алаңына 50 дана және қалаға қарасты 10 білім ошақтары мен 4 балабақша ауласына 210 түп тал көшеттері отырғызылды.
Шараға барлық мемлекеттік мекеме ұжымдары, жастар ұйымдары мен мемлекеттік қызметкерлер белсене қатысты.
Айта кету керек, аталмыш игі бастама ауданға қарасты кенттер мен ауылдық округтерде де белсенді жүргізілуде.
13 қараша 2017 ж. 129 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (1432)

21 сәуір 2018 ж.

№29 (1431)

17 сәуір 2018 ж.

№28 (1430)

14 сәуір 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 634 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам