Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қаңтар айында елімізде ауа райы қандай болады?

Қаңтар айында елімізде ауа райы қандай болады?

   Қаңтар айында республиканың басым бөлігінде ауа райы жылы болады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Алдын ала болжам бойынша қаңтарда орташа айлық ауа температурасы республиканың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында нормадан 1°С жоғары, ал қалған аймақта климаттық нормаға жақын күтіледі.
Айлық жауын-шашын мөлшері нормаға жуық және нормадан жоғары, тек Павлодар және Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде нормадан аз күтіледі. Бірінші онкүндіктің басында республиканың солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық аймақтары суық антициклонның ықпалында болады. Термометрдің сынап бағанасы түнде 25...30, кей жерлерде 35 дейін аяз, күндіз 15...20, кей жерлерде 25 аязға дейін төмендейді. Ал еліміздің батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстігіне жылы ауа массалары шығатын болады және фронтальдық бөліктердің өтуімен жылы жауын-шашынмен ауа райы болжанады. Ауа температурасы түнде 2...7, кей жерлерде 12 градусқа дейін аяз, күндіз 0...5 жылы, кей жерлерде 5 градусқа дейін аязды құрайды. Осы айдың ішінде жылы ауа массасының жиі шығуына және фронтальдық бөліктердің өтуімен республиканың үлкен бөлігінде жылы және жауын-шашынды ауа райы күтіледі. Тек бірінші және үшінші онкүндіктің басында кезекті ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Айта кетейік, синоптиктер синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай консультативтік болжам өзгерістерге ұшырауы мүмкін екендігін айтады.
https://24.kz/kz/


08 қаңтар 2019 ж. 290 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (1503)

15 қаңтар 2019 ж.

№3 (1502)

12 қаңтар 2019 ж.

№2 (1501)

09 қаңтар 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 310 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам