Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ақпараттық технологияның аясы кең

Ақпараттық технологияның аясы кең

    "No free time". Қызылордалық Ақсейіт Әбдіраманның "Zhas Project" жобасы аясында ашқан оқыту орталығы осылай аталады. Жастарға арналған ауқымды жоба игілігін көрген ол бүгінде өз кәсібін дөңгелетуге күш салып келеді.
         – Компьютер – XXI ғасырдың тілі. Ғаламтор арқылы қарым-қатынас құрамыз, теледидар орнына компьютер қолданамыз, онлайн карталар арқылы жолымызды жоспарлаймыз, дүкен аралаймыз, онлайн сауда жасаймыз. Қазіргі таңда жұмысымыздың да басым бөлігі осы компьютер бағдарламалары арқылы жүзеге асады. Болашақта цифрлық жүйенің осындай тиімділігі арта түседі, – деді ол.
         "Zhas Project" жобасынан жеңіп алған Ақсейіт қайтарымсыз несиеге кәсіптің осы түрін ашуды жөн санапты. Жас кәсіпкер бүгінде Асқар Сейдәлі, Зейнегүл Ерсейітова есімді замандастарымен бірлесіп, компьютерлік орталықта ақпараттық технология тілін үйренемін деген ынтасы бар жандарды тегін біліктілік курсынан өткізуде. Жоба грантына соңғы бағдарламамен жасақталған бес компьютер сатып алған. Қазіргі таңда онда аптасына 15-20 жас үш деңгей бойынша дәріс тыңдап жүр.
         – Бастапқы деңгей компьютерді басқарудан мүлдем хабары жоқ жандар үшін арналған. Яғни, құрылғыны қосып-өшіру, теру жылдамдығын арттыру үйретіледі. Ілгері деңгейде Microcoft Word, Excel, Power Point бағдарламаларымен жұмыс жасауды, басып шығару құрылғысымен компьютердің өзге де тетіктерін басқаруды жіті меңгертеміз. Ал, соңғы кезең арнайы деңгей деп аталады. Онда курсқа қатысушылар AutoCAD, Adobe illustration сынды күрделі бағдарламаларды игереді, – дейді Ақсейіт орталық жұмысының бағыт-бағдарын түсіндіріп.
         Ашылғанына көп бола қоймаса да қазіргі таңда мұнда келіп, компьютер тілін меңгеруге қызығушылық танытушылар қатары көп. Бүгінге дейін 65 студент өзінің ақпараттық технология бағытындағы сауатын арттырып үлгерген. Ал, курстың үш деңгейін сәтті аяқтаған орталық түлектерінің барлығына жоба соңында компьютерлік сауаттылығын арттырғаны жөнінде арнайы сертификат табыс етілмек. Жас кәсіпкер орталыққа келушілер қатарының күн санап өсіп келе жатқанын алға тартып, алдағы уақытта кәсіпкерлік нысанды кеңейту шарасын қолға алатынын айтады.
Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
09 қаңтар 2019 ж. 278 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (1562)

17 тамыз 2019 ж.

№62 (1561)

13 тамыз 2019 ж.

№61 (1560)

10 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 750 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам