Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорда қаласы наурыз саяжайында жеке тұрғынүйден өрт шықты

Қызылорда қаласы наурыз саяжайында жеке тұрғынүйден өрт шықты

   9 қаңтар күні Ақсуат ауылдық округіне қарасты Наурыз саяжайында өрт оқиғасы орын алды. Жарты сағат ішінде өрт толық өшірілді. Оқиға салдарынан үш жасөспірім ауыр дәрежелі уланудан көз жұмды. Зардап шеккен отбасына жергілікті билік тарапынан жан-жақты көмек көрсетілетін болады.

Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының мәліметіне сәйкес, 2019 жылдың 9 қаңтар күні 19 сағат 29 минут шамасында Қызылорда қаласы, Наурыз саяжайы, Махмұтов көшесі н/з үйдің кіре беріс бөлмесінде төбе жабындысына дейін өрт шарпумен тұрмыстық заттардың өртенуі (көрпе-төсек, жиһаздар т.б.) оқиғасы орын алды (өрт көлемі 5х3 ш.м.).

Көлемі 15х5 ш.м. болатын 5 бөлмелі үй иесі Сәдуова Жәмилә Ибрагимқызы 1986 ж.т., Құлмағамбетов Жасұлан Тұрсынбекұлы 1988 ж.т. (Атырау қаласында вахталық әдіспен жұмыс істейді).

Оқиға салдарынан аталған үйдің тұрғындары 2011 ж.т. Тұрсынбек Алдияр (264 орта мектептің 2 сынып оқушысы), 2012 ж.т. Тұрсынбек Алинұр (233 мектептің мектепалды даярлық сынып оқушысы) облыстық жедел-жәрдем стансасының топ жасағы (бригадасы) оқиға орнына жеткенге дейін, ал 2014 ж.т. Тұрсынбек Абзал облыстық балалар ауруханасына жеткізу жолында қайтыс болды. Үш жасөспірім де өкпе ісінуі және көміртек тотығынан ауыр дәрежелі уланудан көз жұмды.

Сонымен қатар, өрттен баларды арашалауға келген көршілес М.Тұрғанбаев көшесінің тұрғындары 1971 ж.т. Айтбаев Нартай және 1978 ж.т. Жылтырова Гүлнұр оқиға орнынан балаларды алып шығып, әртүрлі дене жарақаттарымен облыстық медицина орталығына жеткізілді.

Н.Айтбаев жансақтау бөліміне жатқызылды, Г.Жылтырова дәрігерлік көмек алып, үйіне қайтарылды. Екі зардап шегушіге де «Көмірқышқыл газынан ауыр дәрежедегі улану» диагнозы қойылды.

Оқиға орнына ауылдық округ әкімі мен қызметкерлері, жергілікті полиция қызметінің 4 қызметкері (2 автокөлік), Тасбөгет полиция бөлімінен 10 қызметкер (3 автокөлік), 7 арнайы техника мен 19 төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, 2 «жедел жәрдем» бригадасы (2 дәрігер, 2 медбике), Қалалық электр тарату торабынан 1 техника, 2 қызметкер жұмылдырылды.

Өрт 19 сағат 55 минут шамасында толық өшірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда және тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қайтыс болған балалардың анасы мен әжесі туыстарының үйіне жеткізілді.
10 қаңтар 2019 ж. 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (1545)

18 маусым 2019 ж.

№45 (1544)

15 маусым 2019 ж.

№44 (1543)

11 маусым 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 3 822 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам