Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада қарақшылық жасап, 5 млн теңгені алып кеткен қылмыскер сотталды

Қызылордада қарақшылық жасап, 5 млн теңгені алып кеткен қылмыскер сотталды

    Қызылордада жеке түрғын үйге қарақшылық жасаған жергілікті тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Ол үйге қарақшылық шабуыл жасап, үй иесін соққыға жығып, сейфтен 5 млн теңгені алып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш оқиға 2018 жылдың қыркүйек айында болған. Қызылорда қаласында орналасқан үйдің жатын бөлмесіне терезеден кірген баукеспе сол бөлмедегі сейфті қолындағы темірмен бұзуға кіріседі. Жатын бөлмеден шыққан дауысты естіген үй тұрғыны солай қарай беттейді. Жәбірленушінің өздеріне қарай беттегенін естіген қарақшы оған бас шүйде тұсынан соққы береді. Жәбірленуші алған соққыдан есін жоғалтып алды. Сейфтен 5 млн теңгені қолды еткен олар оқиға орнынан бой тасалап үлгереді. Дегенмен ол алысқа ұзай алған жоқ. Полиция қызметкерлерінің қолына түсті.
Аталмыш қылмыстық іс Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
«Сот үкімімен сотталушы К. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 192-бабының 4-бөлігінің, 2-тармағымен кінәлі деп танылды. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтейді», - деп жазылған Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты таратқан хабарламада.
11 қаңтар 2019 ж. 40 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (1503)

15 қаңтар 2019 ж.

№3 (1502)

12 қаңтар 2019 ж.

№2 (1501)

09 қаңтар 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 312 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам