Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстанда көлік құны арзандайтыны туралы сыбыс қаншалықты рас?

Қазақстанда көлік құны арзандайтыны туралы сыбыс қаншалықты рас?

   2019 жылы Қазақстанның көлік нарығында үлкен өзгерістер болады. Ендігі қазақстандықтар ақырындап қытайдың көліктерін тізгіндейтін тәрізді. Себебі мемлекеттік нарыққа қытайлық компанияның кіргені белгілі.
Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Қазақстанның автокөлік саласы кәсіпорындарының мәліметінше, 2018 жылдың 11 айында елдегі көліктер 7,6 пайызға қымбаттаған. Жалпы алғанда, еліміздегі көліктердің құны 2014 жылдан бері ұдайы өсіп келеді. Ал дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына сай шеттен келетін қорлар үшін салықты төмендетуге міндеттіміз. Алайда мұндай болмашы жеңілдік көлік бағасының арзандауына себеп бола алмайды, дейді тәуелсіз автобизнес одағындағылар.
«Бұл көлік құнының төмендеуіне шешуші фактор емес. Себебі утилизациялық жинақты әлі ешкім ауыстырған жоқ. Көлікті тіркеуге қоюды да ешкім өзгертпеді. Еуразиялық одақтың стандартты талаптары әлі де өз күшінде. Тарифтік және тарифтік емес бақылау механизмі болады. Дәл осы жағдайда кедендік салық азайғанымен, тарифтік емес бақылау өз қалпында қалып отыр», – дейді Қазақстандағы тәуелсіз автобизнес одағының төрағасы Темір Жаркенов.
Аталған одақтың мәліметінше, 2014 жылы елімізде 148 мың жаңа көлік сатылса, 2017 жылы 42 мың, 2018 жылы 33 027 көлік сатып алынған. Ал автобөлшектердің бір келесін кедендік рәсімдеу құны 2014 жылы 7-8 мың теңге болса, 2016 10-12 мың теңге болған. Ал 2018 жылы кедендік рәсімдеу бағасы 20 мың теңгеге көтеріліпті.
Кедендік шығынды кәсіпкерлердің қалтасы көтере бермейді. Сондықтан шетелден көлік тасымалдаушы орта және шағын кәсіпкерлердің жұмысы тоқтап тұр. Ал көлік саудасындағы ірі ойыншылар өздеріне тиімді бағаларды белгілейтіні анық. Сонымен қатар шет мемлекеттерден келетін көліктің бағасы доллар мен рубльге тәуелді. Осы себепті 2019 жылы еліміздегі көлік құны арзандауы екіталай.
11 қаңтар 2019 ж. 472 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (1519)

16 наурыз 2019 ж.

№19(1518)

12 наурыз 2019 ж.

№18 (1517)

07 наурыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 619 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам