Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Акула студенттің “дәмін ұнатпай” қалып, аузынан шығарып тастады

Акула студенттің “дәмін ұнатпай” қалып, аузынан шығарып тастады

   Калифорнияның жағалауында үлкен ақ акула 19 жастағы студентке шабуыл жасады. Алайда мұнан кейін болған жайт қайран қалдырды.
Акула Ник Вапнер есімді жігітке шабуылдаған. Ол серфингпен айналысып жүрген екен, деп хабарлайды The Tribune басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
«Бәрінің аяқ астынан тез болып кеткен сонша, аяғым мен тақтаның жартысы оның аузында екенін көрдім», – дейді ол.
Айтуынша, акуланың ұзындығы 4,5 метр болған.
Қатты шошыған жігіт өмірі үшін күресіп, екінші аяғымен акуланы теуіп жіберіпті. Осы кезде акула оны жібере салып, жүзіп кеткен. Ал Ник жағаға жетуге асыққан.
«Тезірек жағаға шығу туралы ғана ой болды», – дейді студент.
Жағалауда ол гидрокостюмін шешіп, аяғының тілініп кеткенін ғана көрген. Абырой болғанда, үлкен қан тамырлары зақымдалмапты. Ник досымен бірге ауруханаға жетіп, ол жерде аяғына 50 тігіс салынды.
Никтің сөзінше, акуланың аузына өзінің аяғымен бірге серфинг тақтасы да кіріп кеткендіктен, оған «дәмі ұнамай қалған».
Үлкен ақ акула – әлемдегі ең үлкен жыртқыш балықтардың бірі. Орташа есеппен, бұл жыртқыштың ұзындығы 4,7 метрге дейін жетеді. Олар адамдар үшін айтарлықтай қауіпті саналады.
12 қаңтар 2019 ж. 47 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (1503)

15 қаңтар 2019 ж.

№3 (1502)

12 қаңтар 2019 ж.

№2 (1501)

09 қаңтар 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 310 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам