Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жедел профилактикалық шолулар

Жедел профилактикалық шолулар

   Арал ауданы көлемінде және оған қарасты елді мекендерде жалпы криминогендік ахуалды сауықтыру, көшелермен қоғамдық орындардағы қылмыстар пен құқық бұзушылықтың алдын-алу, жол қауіпсіздігі саласында құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықтың жай-күйін зерттеу, мақсатында Қызылорда облысының полиция департаменті аппарат қызметкерлері, патрульдік полиция қызметкерлері және жылдам қимылдайтын арнайы жасақтан құралған жұмыс тобы Арал ауданының полиция бөліміне тәжірибелік көмек көрсету шаралары жүргізілуде.
Полиция органдарының есебінде тұратын азаматтар мен азаматтық қару иелерінің қаруды сақтау ережелерін тексеріп шығу, жалпы тұрғындармен кездесу өткізу арқылы олардың ұсыныс пікірлерін тыңдау, халықтың полиция жұмысына деген оң көзқарасын қалыптастыру үшін жедел профилактикалық шолулар ұйымдастыруда.
Іс-шараға полиция департаментінен келген қызметкерлермен қатар аудандық полиция бөлімінің учаскелік және ювеналды полиция инспекторлары, патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылып, халық көптеп шоғырланатын аймақтарды патрульдеу, криминогендік ахуалы күрделі деген әкімшілік аймақтарға рейдік шолу жұмыстарын жүргізуде.
Аудан көлемінде өткізіліп жатқан рейдттік іс-шараның 1 күнінде 50-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық деректері анықталған болса, оның ішінде автокөлікті тиісті құжаттарсыз басқарғаны үшін 15-ке жуық автокөліктер ақылы айып тұрағына қойылды.
Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімінің профилактикалық есебінде тұратын тұлғалар мекен-жайларынан тексеріліп, олармен қылмысқа қайта жол бермеуін түсіндіру және қадағалау шаралары жасалуда.
Жоғарыда аталған бағыттағы іс-шаралар аудан көлемінде алдағы күндері де, тәулік бойы жалғасын табатын болады.
12 қаңтар 2019 ж. 93 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (1519)

16 наурыз 2019 ж.

№19(1518)

12 наурыз 2019 ж.

№18 (1517)

07 наурыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 619 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам