Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Бала тәрбиесі – басты назарда

Бала тәрбиесі – басты назарда

 Бүгінде қоғам алдында тұрған басты міндеттің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Жасыратыны жоқ, бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып бара жатыр. Жастайынан жүгенсіз кеткен бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта түсетінін ескерсек, тұтас қоғам үшін бұл аса өткір мәселе екенін мойындауымыз шарт. Оны тек мәжбүрлі түрде мойындап ғана қоймай, аталмыш келеңсіздікпен күрес, алдын алу шаралары да ұдайы жүріп отыруы тиіс. Тәртіп сақшылары қанша жерден жұмыс істеп жатырмыз десе де, жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту әлі күнге дейін күн тәртібінен түспей тұр.
Деректерге сүйенсек, құқық тәртібін бұзуға бейім және қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасап ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шығатын көрінеді. Десек те, әр азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау екенін ескерсек, айналадағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу маңызды.
Халқымыз "Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ" дегендей, өмір әрдайым ұрпақ жалғастығынан тұрады. Сондықтан соңғы жылдары балалардың құқығын қорғауға бүкіл дүние жүзі елдері мүдделі болып отыр. Мәселен, аталмыш мәселе бойынша БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) түрлі сараптамалық зерттеу жүргізу арқылы қарқынды жұмыс жасап келеді. Айта кетейік, ЮНИСЕФ және Қазақстандағы адам құқықтары бойынша ұлттық орталық жүргізген зерттеу нәтижесінде еліміздегі ересектердің 39,5 пайызы балаларды тәртіпке тәрбиелеу мақсатында физикалық күш көрсетуді пайдаланған. Ал, 75 пайызы оларды жазалау ретінде зорлық-зомбылық жасау әдістерін қолдануды дұрыс деп тапса, тек 32,2 пайызы ғана бұл бағыттағы жөнсіз әрекеттерді түйткілді мәселе ретінде қабылдаған.
         – "Мектепте зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған орай әрекет ету бағдарламасы" аймақтың жеті мектебінде пилоттық жоба ретінде енгізілді. Аталмыш білім беру мекемесінің директоры, оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, психолог пен мектеп инспекторлары осы бағытта арнайы оқу курсынан өтті. Халықаралық ауқымда мектептегі осындай шиеленісті жағдайларды болдырмау жөніндегі озық тәжірибелер сыныпта және сыныптан тыс этикалық ережелердің жиынтығын белгілеу, үйрету және қолдау көрсету стратегияларынан тұрады, – дейді облыстық білім басқарамасының балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің әдіскері Ләйлә Барахатқызы.
         Сала маманының айтуынша, пилоттық режимде жұмыс жасаған мектептерде оқушылар арасында өзара кемсітушілік, қысым көрсету, бір-бірін сыйламаушылық әрекеті тыйылып, керісінше достық қарым-қатынасты берік ұстану секілді жағымды өзгерістер орын алған.
         Сондай-ақ, биыл "Есті! Сөйлес! Құшақта!" коммуникациялық науқаны аясында еліміздегі ЮНИСЕФ өкілдігі республика шеңберінде бірқатар маңызды шаралардың ұйымдастырылуына бастама жасады. Ақтөбе, Маңғыстау облыстары мен Астана, Алматы қалаларында отбасылық футбол ойыны, дүниежүзілік әкелер мен балалар күнін мерекелеу, қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесу сынды бала санасының қалыпты жетілуіне ықпал ететін көптеген шараларға ұйытқы болды. Осылайша аталмыш қор дүние жүзінің 190 елінде аса қиын жағдайда қалған балалардың мінез-құлқын бейімдеуде жемісті жұмыс жасап келеді.
Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
        
14 қаңтар 2019 ж. 145 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (1519)

16 наурыз 2019 ж.

№19(1518)

12 наурыз 2019 ж.

№18 (1517)

07 наурыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 619 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам