Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Бей берекет саудаға орын жоқ

Бей берекет саудаға орын жоқ

   Қазақ «Ауру астан» дейді. Дегендей, ішер асымыздың таза әрі сапалы болғаны дұрыс. Тамақтан уланудың алдын-алу мақсатында қала аумағында орналасқан сауда үйлері мен базарларда ақпараттық түсіндірме жүргізу мақсатында арнайы рейд ұйымдастырылды. Оған сала мамандары және жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары қатысты.
Бүгінде кез-келген жерде, оның ішінде базарда тез дайындалатын тағамдар жеу өте қауіпті. Жылдам дайындалатын мұндай тағам түрлері санитарлық талапқа сай ма? Осыған орай, өткізілген шара жүргізу алдымен «Жайна» сауда орталығынан бастау алды.  Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы Гүлжан Маханбетова саудагерлерге түсіндірме жасады. Тез дайындалатын тамақ өнімдерінің қаншалықты адам өміріне қауіпті екенін айтып, оның алдын-алуға шақырды.
Сонымен қатар, рейд барысында бей берекет сауда жасап, тәртіпке бой ұсынбай отырған саудагерлерге ескерту жасалып, хаттама толтырылды. Мәселен, күнделікті көзіміз көріп жүрген «Жайна» сауда үйінің бойында орналасқан сауда қатарында ретсіздік  бар. Мұнда, жаяу жүргіншілер жолын кейбір жайма заттармен жауып тастаған. Сонымен қатар, «Айтбек», «Сыбаға» базарларының бойынан да бей берекет саудасын жасап отырғандар рейд барысында назарға ілікті. Оларға жергілікті учаскелік инспекторлар хаттама толтырып, ескерту жасады.
Рейдтің негізгі мақсаты – тазалықты қадағалап, жабайы саудаға жол бермеу. Тез тұтынатын тамақ түрлерінің алдын алу және белгіленбеген жерлерде бей берекет сауда жасауға тосқауыл қою.
 – Мұндай шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Кәсіпкерлерге айтарымыз барлығы заң талабына сәйкес жүргізілуі тиіс. Жергілікті билік тарапынан түсіндірме жүргізіліп  жатқанымен, ортақ іске әрбір сауда жасаушы ұйымшылдық таныту қажет. Халық тарапынан да қолдау жасалу керек, – деді қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы  Жанмұрат Сейілов.  
Бей берекет сауда жасау бойынша өткен жылы 438 тұлғаға шара қаралған. Ал, астан улануға байланысты деректер азайды. Дегенмен, қашан да сақтық керек.
Айта кететін жайт, қазіргі таңда қалада кез-келген жерге жайғасып, сауда жасайтындардың саны азаяр емес. Ал, тәртіп бәрімізге ортақ.  
Айтолқын АЙТЖАНОВА.
15 қаңтар 2019 ж. 475 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (1595)

10 желтоқсан 2019 ж.

№95 (1594)

07 желтоқсан 2019 ж.

№94 (1593)

04 желтоқсан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 7 382 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам