Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жылу жағдайы жақсара түсті

Жылу жағдайы жақсара түсті

   «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК облыс орталығын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыр. Кәсіпорынның бүгінгі таңда пайдаланудағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 187 шақырымды құрайды. Сонау 1964 жылдан бері жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетіп келе жатқан орталықта проблема да кездеседі. Бүгінде негізгі қондырғыларының, оның ішінде бу қазандықтары мен турбогенераторларының моральдық және физикалық тозығы жеткен. Соның әсерінен номиналды  қуатының тек 45 пайызын ғана өндіре алады. Ал, жылу желілерінің 44-46 пайызы әбден көнерген. Сондықтан да кәсіпорынның активтерін жаңалау, қайта жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру жұмыстары қолға алынған. Мәселен, 2015-2020 жылдарға арналған жылумен жабдықтау нысандары бойынша түзетілген инвестициялық бағдарлама негізінде 11 млрд. теңгеге жуық қаржыға аталмыш кәсіпорынның негізгі және қосымша қондырғыларына жөндеу жүргізілген. 
– «Нұрлы жол» бағдарлама аясында 8,6 млрд. теңгеге 32 шақырымға жуық әртүрлі диаметрдегі магистралды және кварталарық жылу желілері мен су айдағыш насостық станцияларына қайта жаңғырту жасалды. Одан бөлек,  Еуропалық даму және қайта жаңғырту банкінен несие арқылы, қуаттылығы 15 Мвт құрайтын 2 дана газотурбиналық қондырғыға күрделі жөндеу жүргізілді.  Сонымен қатар, орталықтандырылған жылу жүйелерін модернизациялау, жылу жүйесіне гидравликалық моделдің бағдарламасын орнату және автоматтандырылған дистанциондық басқару жүйесіне байланысты бірқатар тірліктер шешімін тапты, – деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК міндетін атқарушы Руслан Нұрмағанбетов.
Осылайша, 50 жылдан астам жұмыс атқарып тұрған кәсіпорынның қондырғылары мен жылу желілері едәуір жаңарған. Бұл қаламызда бу қазандықтарына байланысты орын алатын түрлі жағдайдың азайғанын көрсетеді. Мәселен,  бу қазандықтары мен жабдықтардың сенімділігі мен өнімділігі артқан. Осының нәтижесінде 30 МВт электр қуаты қалпына келтіріліп, жылу алмасу жақсарған. Сондай-ақ, жылу желілеріндегі технологиялық апаттардың саны төмендеген. Тұрғындар үшін тағы бір жақсы жаңалық, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап коммуналдық қызметтер тарифтері арзандады.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.   
15 қаңтар 2019 ж. 310 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1563)

20 тамыз 2019 ж.

№63 (1562)

17 тамыз 2019 ж.

№62 (1561)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 901 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам