Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ғалымдар аз ұйқының адам өміріне орасан зор қаупін дәлелдеді

Ғалымдар аз ұйқының адам өміріне орасан зор қаупін дәлелдеді

   Жүрек-қантамыр дертіне шалдықпау үшін адам тәулігіне сегіз сағат демалып, ұйқысын қандыруы тиіс. Алты сағаттан аз ұйықтайтындардың жүрек-қантамыр ауруына шалдығу қаупі зор. Испания мен АҚШ ғалымдары осы тұжырымды дәлелдеді, деп хабарлайды EurekAlert!.
Зерттеуге 3 974 испан қатысқан, олар тәжірибе барысында ұйықтау және ояу жүру уақытын есептеп отыратын актиграф атты құрылғыны тағып жүреді. Еріктілерді түнгі демалысқа бөлетін уақытына қарай төрт топқа жіктеген. Бұдан бөлек, зерттеуге қатысушылардың дертін анықтау үшін эхокардиография және компьютерлік томографиядан өткізген екен.
Тәжірибе нәтижесінде алты сағаттан аз ұйықтағандарда атеросклероз дертіне шалдығу қаупі 7-8 сағат ұйықтайтындарға қарағанда 27 пайызға жоғары екені анықталды. Оның үстіне, мазасыз ұйқы және түн ішінде жиі ояну қантамыр ауруларына шалдығу ықтималдығын 34 пайызға өсіреді екен. Бірақ, керісінше, тым көп ұйықтау, яғни түнгі ұйқы сегіз сағаттан асып кетсе де, атеросклероз ауруына шалдығу қаупі бар.
Бір қызығы, аз ұйықтайтындар кофе немесе ішімдікті жиі пайдаланатын болып шықты.
Атеросклероз — қантамырлардың ішінде холестериннің түйін тәрізді жинақталып қалуы. Холестерин сіңген кезде әуелі сары дақ түрінде болып, бара-бара түйінге айналады. Түйіндер өзара қосылып кетеді. Салдарынан тамырдың ішінде жаралар пайда болып, кальций тұздары шөгіп, тамыр қатаяды, қан өтуі баяулайды.
15 қаңтар 2019 ж. 331 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1563)

20 тамыз 2019 ж.

№63 (1562)

17 тамыз 2019 ж.

№62 (1561)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 901 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам