Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада жеке үйден үш адамның мәйіті табылды

Қызылордада жеке үйден үш адамның мәйіті табылды

   Қызылорда облысында жеке үйлердің бірінен ер азамат, әйел және кәмелеттік жасқа толмаған баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш оқиға Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылында орын алған. Бұл елді мекен Байқоңыр қаласының тап түбінде тұр.
Қызылорда облыстық полиция департаментінің хабарлауынша аса ауыр қылмыстық оқиға бойынша ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігімен бірге тиісті іс-шаралар қолға алынған.
 «Аталмыш оқиға негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қалған мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді», - деді Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Ғани Төлебаев.
Бұдан бұрын Қызылордада адамдарды қаққан көлік иесі іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.
23 қаңтар 2019 ж. 1 075 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (1641)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (1640)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 032 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам