Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Үздік кәсіпкерлерге 1 млн теңгеден берілді

Үздік кәсіпкерлерге 1 млн теңгеден берілді

   Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылының қорытындысы бойынша өткен кеңесте шағын және орта бизнесті дамытуға қосқан үлесі үшін кәсібін жаңадан бастаған үздік кәсіпкерлер марапатталып, оларға 1 млн теңгеден сыйақы берілді.
Жиынға облыс кәсіпкерлері, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, екінші деңгейдегі өңірлік банктер мен қаржылық даму институттарының басшылары, сондай-ақ өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы жаппай кәсіпкерлікті дамыту арқылы 3 маңызды мәселе шешіліп жатқанын атап өтті: біріншіден, ол салық базасының ұлғаюы, екіншіден – жаңа жұмыс орындарының құрылуы және үшіншіден - қоғамдық-саяси ахуал тұрақтылығының жақсаруы.
"Біз өткен жылы жалпы бюджеті 32 млрд. теңге болатын арнайы «Жол картасын» әзірледік! Бұл қаражаттың 3 млрд. теңгеден астам бөлігін «Стартап» жобаларына бағыттадық. Ал биылғы жылы әртүрлі қаржы көздерінен 34 млрд. теңге қарастырдық. Сонымен бірге, қайтарымсыз гранттар, шағын несиелер мен несиелерді алудың қадамдық іс-әрекеттерін, типтік бизнес жоспарларды әзірлеп, жобаларды сүйемелдеу үшін әрбір ауылдық округке облыстық деңгейден жауапты лауазымды тұлғаларды бекіттік", - деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, 2018 жылдың басында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 37 450 бірлікті құраса, бүгінгі күні олардың саны 42 342 бірлікті құрайды. Яғни, бір жыл ішінде облыстағы жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнестің саны 4 892 бірлікке ұлғайып, өсім өткен жылмен салыстырғанда 13,1 пайызды құрады.
Сонымен қатар, қазіргі таңда экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігі, яғни 90 мыңнан аса бөлігі шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылған.
Айта кеткен жөн ағымдағы жылы несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін 750 млн. теңге қаралған болса, күні кеше облыстық мәслихаттың сессиясында қосымша 150 млн. теңге және шағын және орта бизнес субъектілерімен алынған несиені ішінара кепілдендіруге 100 млн. теңге бөлінді. Микро және шағын бизнес жобаларын қаржыландыру мақсатында биыл Өңірлік инвестициялық орталыққа 1 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұдан басқа, «Даму» қорынан шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін 800 млн. теңге тартылады. Қаражат бизнес үшін соңғы мөлшерлемесі жылдық 8 пайызбен, Өңірлік инвестициялық орталық арқылы 10 млн. теңгеден 20 млн. теңгеге дейін 5 жыл мерзіммен берілетін болады.
Облыс әкімі кеңеске қатысып отырған екінші деңгейдегі өңірлік банктер мен қаржы институттарының басшыларына "Кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламалары бойынша жастардың бизнес жобаларына, сондай-ақ өңдеуші өнеркәсіпті одан әрі дамытуға басымдық беру қажет» екендігін айтты.
Сондай-ақ, өңірдің бәсекелестікте артықшылықтарының бірі бизнесті дамыту үшін көптеген мүмкіндіктер беретін агроөнеркәсіптік сектор да анықталды. Мысалы, өңірде 2688 жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру арқылы 106 кооператив құрылды, соның ішінде ауыл шаруашылығы кооперациясына біріктірілді.
Кеңес қорытындысы бойынша "Үздік жас кәсіпкер", "Үздік ауыл әкімі", "Үздік бекітілген жауапты тұлғалар" (куратор) номинациялары бойынша, сондай-ақ кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері марапатталды. Аудандардан және облыс орталығынан ісін жаңадан бастаған 8 үздік кәсіпкер 1 млн.теңгеден ақшалай сыйақы алды. Ал ауыл әкімдері мен ауылдық округтерде жаппай кәсіпкерлікті дамытуға жауапты лауазымды тұлғалар құрмет грамоталары мен сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ, аудандық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлеріне Құрмет грамоталары табысталды.
Айта кетерлігі, шағын және орта бизнес саласындағы үздіктерді анықтау жөніндегі комиссия құрамына облыстық мәслихаттың хатшысы, "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының бірінші орынбасары, облыс кәсіпкерлері, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ қаржы институттарының өкілдері кірді.
«Осы қабылданған және алдағы уақытта қабылданатын шаралардың барлығы өңір бизнесінің дамуына қолайлы жағдайлар туғызады деп ойлаймын. Бірақ кәсіпкерлерден жұмыстарды одан әрі жандандыруды күтеміз», - деді аймақ басшысы.
Өткен жылы облыс әкімдігінің, мәслихаттың, "Нұр Отан" партиясы филиалының, қоғамдық кеңестің және кәсіпкерлер палатасының бірлескен шешімімен 2018-2020 жж. жаппай кәсіпкерлікті дамытудың Үш жылдығы деп жарияланды.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді қолдау және кәсібін жаңадан бастаған жас кәсіпкерлерге жағдай жасау үшін өңірде Кәсіпкерлер үйі ашылды. Облыста әкімшілік кедергілерді азайту бойынша жұмыстар жалғасуда. 2017 жылы республика бойынша Қызылорда облысында алғаш рет облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы жанынан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы құрылды. Онда кәсіпкерлерге "бір терезе" қағидаты бойынша 70-тен астам қызмет түрі, олардың қатарында жер, сәулет және құрылыс, инженерлік желілерге қосу тегін көрсетіледі.
2018 жылы мыңнан астам жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жалпы сомасы 4,3 млрд.теңгеге шағын несие алды. Оның ішінде облыстық бюджеттен өңірлік инвестициялық орталықты қаржыландыруға 1 млрд. теңге бөлінді. Нәтижесінде 1 000 астам шағын бизнес жоба іске асырылды. Онда 1,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды.
Жыл қорытындысы бойынша "Бизнестің жол картасы – 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бағыты бойынша жалпы сомасы 9,8 млрд.теңгеден астам 153 несие мақұлданды.
Ал несие бойынша кепіл түрінде жалпы сомасы 1,2 млрд.теңгеге 65 шағын және орта бизнес субъектісі кепілдік алды. 2017 жылмен салыстырғанда, берілген кепілдіктердің көлемі 1,5 есеге артты.
Сонымен бірге, егер 2018 жылдың басында облыста жылдық 2 млн. теңгеден астам айналымы бар 5 167 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болса, онда бүгінгі күні олардың саны 10 158 субъектіні құрады. Бұл өз кезегінде өңірдің жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің 24 пайызының жылдық айналымы 2 млн. теңгеден асады.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қызылорда облысы бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасаған ең үздік облыс деп танылды.
08 ақпан 2019 ж. 31 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (1513)

19 ақпан 2019 ж.

№13 (1512)

16 ақпан 2019 ж.

№12 (1511)

12 ақпан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 484 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам