Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Өзекті істер жалғаса береді

Өзекті істер жалғаса береді

   Өткен жылы Қызылорда облысында 30 әлеуметік нысанның құрылысы аяқталған. Атап айтқанда, білім беру саласында 8 мектеп, 7 балабақша, денсаулық сақтау саласында 2 нысан, 2 клуб, 1 мұражай, 7 спорт нысаны, ішкі істер бөлімінен 1 нысан, 1 әкімшілік ғимараты, 1 ракето-техника мұражайы.
– Былтыр облыстағы әлеуметтік нысандардың құрылысына бөлінген 13,9 милрд. теңге қаржы игеріліп, жоспар толық орындалған, – деді облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сонымен қатар, Сырдарияның сол жағалауын жаңа қалаға айналдыру жоспары жүйелі түрде орындалуде. Жаңа қаланың жалпы аумағы – 1532 гектар. Оның 367 гектары рекрециялық аймақтарға берілсе, 537 гектар тұрғын үйге, 190 гектар сауда және офистік ғимараттарға, 270 гектар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына беріледі.
Алдағы уақытта мұна 15 аудан бой көтеруі қала халқы үшін жағымды жаңалық болары сөзсіз. Оның ішінде тұрғын ауданның саны – 11, индустриялық аймақ – 1, гүлзар мен саябақ саны – 3. Сол жағалауда пайда болатын барлық аудан мектепке дейінгі және мектептен кейінгі білім беру нысандарымен қамтамасыз етіледі. Дайындалған жұмыс жобаларына сәйкес, қазіргі күні сол жағалауда жеке инвестиция есебінен 14 көпқабатты тұрғын үйдің, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 320 орындық балабақшаның құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған.
Облыс әкімінің орынбасары аймақты газдандыру мәселесіне де тоқталды. 2018 жылы Жосалы және Тереңөзек кентіндегі автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылыс жобасын іске асыру үшін республикалық және облыстық бюджеттен 3 миллиард теңге қаржы бөлінген. Бүгінде Жосалы кентіндегі аталмыш жобаның құрылысы аяқталған. Ал Тереңөзек кентіндегі жұмыс осы жылдың бірінші жартыжылдығына көзделіп отыр. Сондай-ақ, 2018 жылы Сырдария өзенінің сол жағалауын газбен жабдықтауға облыстық бюджеттен 650 млн. теңге қаржы бөлінген. Шиелі кентінің индустриялық аймағына 154 млн. теңге қаражат қаралған.
Биболат Сәтжан.
09 ақпан 2019 ж. 202 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (1562)

17 тамыз 2019 ж.

№62 (1561)

13 тамыз 2019 ж.

№61 (1560)

10 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 750 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам