Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Өңдеу өнеркәсібінде өсім бар

Өңдеу өнеркәсібінде өсім бар

  Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында кәсіпкерлікті дамытуға және өңдеу өнеркәсібін қолдауға басым бағыт берген. Осы мақсатта аймақта жүйелі жұмыстар жасалуда. Аталмыш сала бойынша атқарылған игі істердің оң нәтижесін облыс халқы көріп те жатыр. 
Аймағымызда индустриялық-инновациялық даму саласы бойынша ауқымды жұмыстар жасалуда. Дегенмен, соңғы 5-6 жылдың көлемінде облысымызда мұнай өндіру көлемінің төмендеу үрдісі байқалған. 2013 жылдан бастап аймақ 5 млн. тоннаға жуық мұнай өнімін жоғалтқан. Сондықтан да облыс әкімдігі өңір экономикасының мұнай және уранға тәуелділігін ескеріп, 2018 жыл бойы Үкіметпен экспортқа шығарылатын мұнай көлемін ұлғайту, газға әділ баға қою және кеніштерді игеру мәселелерін шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізген. 
Өңірде индустриялық-инновациялық дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында тиісті жобалар іске асуда.
 – Бағдарлама аясында облыста құны 512 млрд. теңгеден асатын, 5 мың жұмыс орындары ашылатын 25 жоба іске асырылуда.  Бүгінгі таңда олардың жетеуі іске қосылған. Шыны зауытының құрылыс жұмыстары жалғасуда. Инвесторлармен мәселені шештік. Жыл соңына дейін зауытты іске қосамыз, – деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев.  
Сонымен қатар, өңірімізде кәсіпкерлікті дамытуға және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға жастардың үлесі де, мүмкіндігі де зор. Оларға жасалып жатқан қолдау да көп. Өткен жылы кәсіпкерлік саласында іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларғақатысу барысында қала және аудандар белсенділік танытқан.
– Мәслелен, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде Арал ауданы 1 млрд. теңгеге 16 жоба және Жалағаш ауданы 459 млн. теңгеге 9 жоба шығарып өз белсенділіктерін танытты. Бағдарлама аясындағы жалпы несие портфелінің 73 пайызы облыс орталығымен шығарылған, – деді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Азамат Досжанов.
Сондай-ақ, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы негізінде Сырдария ауданынан 167, Жаңақорған ауданынан 164 және Қармақшы ауданынан 148 кәсіпкер шағын несие алуға белсенді қатысқан. Соның ішінде шағын несиелер беру үшін бөлінген қаражаттың 569,3 млн. теңгесін Жаңақорған ауданы алып, алдыңғы қатардан көрінген. Айта кеткен жөн, көрсетілген мемлекеттік қолдаулардың арқасында облыста 14 мыңнан аса азамат тұрақты қызметпен қамтылған.
Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.
09 ақпан 2019 ж. 105 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (1527)

16 сәуір 2019 ж.

№27 (1526)

13 сәуір 2019 ж.

№26 (1525)

09 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 840 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам