Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Айтары көп ақын

Айтары көп ақын

    Айтыс өнерінде өз өрнегін салған жерлесіміз Мұхтар Ниязовтың есімін көпшілік жақсы біледі. Өйткені, оны ел «Алтын домбыраны» екі мәрте иеленген ақын ретінде таниды. Алғашында ол өлең жазумен шығармашылық өмірге қадам басты. Одан кейін аудандық оқушылар айтысында бақ сынады. Содан облыстық, республикалық, халықаралық ақындар айтысының жүлдегері ретінде танылды. Оның сахна төрінде өзін-өзі ұстауы, дəстүрлі өнерді бойға жинауы, мағыналы сөзі мен мәнді ойы көрерменді үнемі тəнті етіп отырады. Елдің қошеметіне бөленіп жүрген Сыр саңлағымен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында кездесу өтті. Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы ұйымдастырған шара TedTalks форматында өтті.
Еркін кездесу форматында өткен шараға жастар көп жиналды. Олар айтыскер ақынға түрлі сауал қойса, енді бірі айтысқа қалай келгенін сұрады. Кездесуде Мұхтар жастарға тағылымы мол, өнеге болатын әңгіме өрбітті. Айтылған әңгімелердің ішінде анаға, әкеге, туған-туысқа, бауырға, үлкен құрмет көрсету, ысырып, уақытты қалай тиімді пайдалана білу қажеттігі туралы айтты.Табысты болудың сыры мен сөз құдіреті, айтыс өнеріндегі қоғамның өзекті мәселелерінің айтылуы мен орындалу жайлары, тұлғалық қасиеттер жайлы ой-толғамдарымен бөлісті.
Ақын бүгінгіжастар тәрбиесі туралы ойын білдірді.
–  Қазір әлеуметтік желілерге байланған заман. Жастар кітап оқымайды. Кітап оқу мәдениеті жоғалып барады. Содан да болар біздің жазушыларымыздың қадірі азайды. Жастар классик қаламгерлерді білмейді. Ол дегеніміз кітап оқымаудың кесірі. Мен, әсіресе, қыздардың біліміне қатты алаңдаймын. Қыздардың білімді болғанын қалаймын. Себебі, кейінгі ұрпақтың тағдыры ‒ болашақ аналар ‒ бүгінгі қыздардың қолында. Болашақ аналар тәрбиелі, инабатты, білімді болса, келер ұрпақтың өмірі де жарқын болады, – деді ол.
  Шараның мақсаты – жастардың шығармашылық қабілетін шыңдау, сөз құдіретін сезінуге тәрбиелеу, табысқа жетудің сырын ұғындыру, – дейді ұйымдастырушылар.
         Айта кетейік, Мұхтар Ниязов Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі. Шығармашылық жолын өлең жазумен бастап, қазіргі таңда облыстық, республикалық, халықаралық айтыстарда топ жарып жүр. Республикалық «Асыл арна» телеарнасындағы «Сүбелі сөз» хабарының жүргізушісі.
Ted Talks форматында өткен кездесудің тағы бір мақсаты  жастардың шығармашылық қабілетін арттыруға, өнерге деген қызығушылығын оятуға септігін тигізу.
  Кездесуде жастар сұрақтарына тұщымды жауаптар алды. Жиын соңында ақын белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табыстады.
Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ.
09 ақпан 2019 ж. 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (1529)

23 сәуір 2019 ж.

№29 (1528)

20 сәуір 2019 ж.

№28 (1527)

16 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 916 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам