Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ғалым қазақтардың жанұясында неліктен үш баладан кем бала болмау керектігін түсіндіріп берді

Ғалым қазақтардың жанұясында неліктен үш баладан кем бала болмау керектігін түсіндіріп берді

    Политология докторы, Гумилев атындағы ЕНУ-дың заманауи зерттеулер Институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаров еліміздегі көпбалалыққа қатысты пікірімен бөлісті. Бұл туралы оның Facebookәлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.
Сыдықназаровтың айтуы бойынша, қазақтардың ата-бабалары көне заманнан нақты демографиялық болжамнан хабардар болған және оны ұстанған. Өз сөздеріне дәлел ретінде ғалым қазақтың: “Бір бала – бала емес, екі бала – жарты бала, үш бала – бүтін бала” деп айтқан мақалын келтіріп отыр.
“Мұнда XIX ғасырда алғашқы демографтар, француз Гийяр мен ағылшын Мальтус сипаттаған демографиялық сальдоның формуласы жатыр. Мақалда жақсы өмір сүру үшін отбасында кем дегенде үш бала болуы керек деген мағына бар. Екі бала ата-ана қайтыс болғаннан кейін олардың халықтың ішіндегі орнын басады, ал үшінші бала өсім береді, бұл табиғи минималды сальдо. Көбісі оны біледі, бірақ көбісі оны білмейтін болып шықты”, — дейді ол.
Маманның пікірінше, еліміздің кейбір азаматтары еуропалық тәсілдемені және Кеңес Үкіметі кезіндегі отбасыны жоспарлау жайлы тұрақты стереотиптерді ұстанады. Жағдайы төмен жанұяларда немесе ауылда тұратындарда ғана көп бала болады деп бұрыс ойлайды.
“Мүлдем олай емес. Әсіресе біздің заманымызда көптеген қазақтар ата-ананың репродуктивті денсаулығы мүмкіндік берсе, көпбалалы болуды армандайды. Денсаулық факторы бірінші орында. Қаржылық жағдай мен материалды мүмкіндіктер жақынарада жақсарады деген оймен балаларды жас кезінде босанады. Ешкім баланы болашаққа үміт артпай тумайды”,— дейді институт директоры.
Садықназаровтың пікірінше, кәсіпкер қазақтың отбасында кем дегенде төрт бала болуы тиіс. Өнерге жақын және ғылыми-академиялық жанұяда да кем дегенде үш-төрт бала болуы керек.
“Ешкім бұл категорияға жататын адамдар отбасылық-репродуктивті мақсаттарды ұзақ уақыт бойы жоспарлай алмайды деп мәлімдей алмайды. Адам жағдайы жақсара түскен сайын баласы да көп болғанын қалайды. Бұл түсуден туған, жоғарғы тәсілдеме. Табысы әртүрлі әр қазақ қартайғанда балаларым бір-біріне көмектеседі, болашақта бір-біріне тірек болады деп ойлайды. Мемлекеттің қамқоршылық ұстанымына үміт артпай балаларды өмірге әкеледі және оларды тәрбиелейді”, — дейді ғалым.
Оның сөзінше, бұл нақты бақыланатын тенденция
“Тілсіз жаудың кесірінен бес баласынан айырылып қалған отбасы да көріп тұрғанымыздай мемлекеттен көмек күтпеген. Күндіз де, түнде де жұмыс істеген. Еңбекқорлар қолдарынан келгенше жұмыс істеді. Көпбалалыларды “жетімдікті көбейтіп жатыр” деп сөккендер, заманауи қазақтардың отбасылық-репродуктивті қатынастарының аспектісін білмейді”, — деді Сыдықназаров.
Ғалымның айтуы бойынша, егер Қазақстанның заманауи ата-аналары көпбалалы болуды армандаса, оларды сөгудің керегі жоқ. Керісінше қолдау көрсету қажет.
“Тым құрығанда аз-аздан Ресейдің аналық капиталдан жинаған тәжірибесін алу керек. Мінсіз дегенде арабтың, Шығанақтағы монархиялық мемлекеттердің тәжірибесін (біздің жағдайда жүзеге асу мүмкіндігі төмен, бірақ сонда да). Оларда туылған балалардың саны пайызбен ата-ананың мойнындағы кредиттік-ипотекалық қысымды азайтады. (бірінші бала – минус 25, екінші бала – минус 50, үшінші бала- минус 75, төртінші бала – мемлекет кредитті толығымен жауып береді). Сондықтан сөккенше, төрт-бес балалы болу — біздің жанұяларымыз қалайтын стандарт екенін түсінген жөн. Барлығының емес, бірақ көптеген жанұялардың қалауы”, — деп қорытындылады эксперт.
Әлеуметтік желіде Сыздықовтың сөзімен көптеген адамдар келісті. Оның жазбасы көптеген қазақстандықтардың көңілінен шықты. Желі қолданушылары ғалымға өз пікірімен бөліскені үшін алғыс айтты.
 
11 ақпан 2019 ж. 429 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (1589)

19 қараша 2019 ж.

№89 (1588)

16 қараша 2019 ж.

№88 (1587)

12 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 7 102 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам