Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ғалымдар күріштің өлімге әкеп соғатын қаупін анықтады

Ғалымдар күріштің өлімге әкеп соғатын қаупін анықтады

   Жүкті әйелдер, сәбилер мен иммунитеті әлсіз адамдарға піскен күріш орасан зор қауіп төндіреді. 
Піскен күрішті дұрыс сақтамаса, адам өміріне аса қауіпті, деп жазады Nature Microbiology басылымы Австралия ұлттық университетінің ғалымдарына сілтеме жасап.
Зерттеу барысында анықталғандай, бұл дақылдың құрамында Bacillus cereus атты қауіпті бактерия бар, ол көмірсуға бай азық-түлікті бүлдіреді.
"Бактерия әртүрлі жағдайда тіршілік етеді: топырақта, жануарлардың ұлпасында, жәндіктерде, шаң-тозаң мен өсімдіктерде. Сонымен бірге азық-түлікте тез көбейеді. Әсіресе, күріш, сүт өнімдері мен көкөністер олар үшін жайлы орта болып саналады", - делінген хабарламада.
Піскен күріш бөлме температурасында ұзақ тұрып қалса, Bacillus cereus бактериясы белсенді көбейе бастайды, ал оны жеген адам уланып, тіпті өліп кетуі де мүмкін. Бастапқы белгілері: құсу, ыстығы көтерілу, ағзаның жалпы улануы.
Зерттеушілер анықтағандай, кей жағдайда бауыр қызметіне орасан зор зияны тиіп, адам өліміне себеп болуы ықтимал. Жүкті әйелдер, сәбилер мен иммунитеті төмен адамдарға аса қауіпті.
sputniknews.kz

11 ақпан 2019 ж. 82 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (1513)

19 ақпан 2019 ж.

№13 (1512)

16 ақпан 2019 ж.

№12 (1511)

12 ақпан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 484 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам