Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада жолбарыс жүр ме?

Қызылордада жолбарыс жүр ме?

   Әлеуметтік желіде жобарыстың жолды кесіп өткен видеосы тарап жатыр. Бейнетаспа Жаңақорғанда түсірілген деген ақпар бар.
Жолбарыстың автокөлік жолын кесіп өткен видеосы «уатцап» әлеуметтік желісі арқылы тарады – деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Ұялы телефонның камерасына түсірілген бейнетаспаға қосымша, «Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы жол. Куәгерлер түсірген видео» - деген жазба бар. Дегенмен бұл бейнетаспаға қатысты «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің» бөлім басшысы Ғани Назарбектің пікірін білген болатынбыз.
«Бұл Сыр бойын бұрындары мекендеген Тұран жолбарыстары болуы мүмкін емес. Біріншіден оның Сырдария бойында азығы қалмаған. Аңдар оның ішінде бұғы, еліктер ертедегідей өріп жүрген жоқ. Мүлде жоқ десе де болады. Екіншіден Тұран жолбарыстары мекендеген Сыр бойындағы аумақты қазір адамдар ауылшаруашылығы мақсатында қолданып жүр. Яғни, ол жерлерге күріш, мақта егіліп кетті. Үшіншіден Сыр бойында бұрынғыдай қалың тоғайлар жоқ. Ағаштар сиреп, жағалаудан ені 500, 600-ақ метр шығатын тоғайлар қалды. Сондай-ақ, қалың қамыс та қалмаған. Ғылыми деректерге сүйенсек Сыр бойын Тұран жолбарыстары өткен ғасырдың 50 жылдарына дейін мекендеген. Қателеспесем, соңғы рет олар 1947 жылы көзге түсіпті. Содан кейін Қазақстан, Өзбекстан, тіпті Түркіменстан жағынан да жоғалып кеткен»,- дейді ол. «Уатцап» арқылы тараған видеоны әріптестермен бірге көрген Ғани Назарбек, таспада Ресейдің Хабароск өлкесін мекендейтін Амур жолбаырысы екенін айтты.
https://www.youtube.com/watch?v=qt3p8Sez8Rc
11 ақпан 2019 ж. 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (1513)

19 ақпан 2019 ж.

№13 (1512)

16 ақпан 2019 ж.

№12 (1511)

12 ақпан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 484 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам