Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Әдеби клуб жұмысын бастады

Әдеби клуб жұмысын бастады

   Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы жанынан "Boketto" әдеби клубы құрылды. Аймақтағы шығармашыл жастарды қолдауға бағытталған әдеби клубта жас ақын-жазушылардың шығармалары талқыланып, ғалым, әдебиетші мамандар салалық дәрістер жүргізеді.
Әдеби клубтың әрбір жиынында (аптасына 1 мәрте) ЖАСТАР: – Әдебиет теориясы мен тарихы және жанрлық құрылымы турасынада толыққанды ақпарат; – Қазақ тілінің емле-ережелері мен тілдік заңдылықтары туралы базалық білім;
– Шығармадағы қателіктер мен идеялық кемшіліктер туралы кәсіби сын-пікір ;
– Аймақтағы жазу стилі қалыптасқан ақын-жазушы, аудармашылар және әдебиетші мамандарымен байланыс орнатып, тәжірибе алуға;
– Мәнерлеп өлең оқу, дауыс ырғағын қалыптастыру үшін арнайы мамандардан шеберлік сабағын алуға;
– Шығармаларын республикалық, облыстық БАҚ-тарда жариялауға МҮМКІНДІК АЛАДЫ.
Сонымен қатар, "Boketto" әдеби клубы: –:Жастардың теориялық білімді толыққанды, заманауи жүйе бойынша алуын және өзара шығармашылық байланыс орнатуын;
– Ақын, жазушы, аудармашы жастардың медиа контентін қалыптастыруды;
– БАҚ өкілдері, мәдени орталықтар және мемлекеттік мекемелермен әріптестік байланыс орнатуды;
– Сыр өңіріндегі белгілі өнер иелері, әдебиетші, ақын-жыраулар мен аудармашы-ұстаздардың шеберлік дәрістерін онлайн жүйеде және аудио-видео нұсқада көпшілікке насихаттауды;
– Жалпыхалықтық қолданыстағы қолжетімді әдеби-теориялық медиа қор жасақтауды назарға ала отырып, аймақтағы әдебиетке, өнерге құштар жастардың шығармашылық дамуын көздейді.
Айта кетейік, "Boketto" әдеби клубының тұсаукесер сәті ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күнімен тұспа-тұс келді. Алғашқы басқосуда алдағы жоспарлар талқыланып, клуб мүшелері асқақ ақынның жырларымен қатар, өз шығармашылықтарынан өлең оқып, асыл өнерді ұлықтады. P/S: Егер де шығармашылық қабілетіңізді шыңдап, әдебиет, өнер турасында білім көкжиегіңізді кеңейткіңіз келсе, бізге қосылыңыз, жас дос!!! Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы.
Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының қолдауымен құрылған «Boketto» әдеби клубы 9 ақпан күні өз жұмысын бастады. Тұсаукесер кешінде белгілі жырау Берік Саймағанбетов сөз сөйлеп бастамаға сәттілік тіледі. Жас ақындар өз шығармашылықтарынан өлеңдер оқып алдағы клуб жоспарын талқылады. Әдеби клуб жетекшісі – Ерсін Шамшадин.
11 ақпан 2019 ж. 98 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (1513)

19 ақпан 2019 ж.

№13 (1512)

16 ақпан 2019 ж.

№12 (1511)

12 ақпан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 484 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам