Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жаңа заман технологиясы

Жаңа заман технологиясы

    Қызылорда қаласындағы №3 ІТ-мектеп-лицейде «Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім беру үдерісін жаңғырту» атты облыстық семинар өткізілді. Оның мақсаты – ақпараттық білім беру технологияларының көмегімен сапалы білім беру арқылы шығармашыл және белсенді өмірлік ұстанымы бар жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Облыстың бірқатар аудандарынан келген педагогтар өзара тәжірибе алмасып, ІТ саласындағы жаңашыл жобалармен танысты.
Аталмыш шараны облыстық оқу-әдістемелік орталығы директоры Сырым Асқаров ашып, оқушыларды цифрлық технология бағытында тәрбиелеу бүгінгі күн мәселесіне айналғанын атап өтті.
– Осы мектептің бағдарламалық жұмысымен танысу, ІТ мамандарымен тәжірибе алмасу бағытында семинар ұйымдастырылуда. Өңірде инновациялық 46 мектептің ішінде әзірге ІТ мектеп біреу. Цифрлық технология дамыған қазіргі уақытта бұл сала бойынша мамандарды даярлауға мүмкіндік бар. Тек қана робототехника емес, информатика, физика пәндері бойынша да оқыту қолға алынған, – деді С.Асқаров.
Семинар барысында пән мұғалімдері өз тәжірибесімен бөлісті. Педагогикалық саладағы цифрландыру бағытында қандай жұмыстар атқарылу қажеттігін таразылады.
 – 2018-2019 оқу жылынан бастап бізде үш сынып кабинеті ашылды. Мектеп кабинеттері заманауи технологиямен жабдықталып, барлығына дерлік интерактивті тақта орнатылған. Бұл алғашқы ІТ мектеп-лицей болғандықтан, осында білім алғысы келетін оқушылардың да саны артатыны сөзсіз. Бүгінде бізде робототехника үйірмесі жұмыс жасауда. Олар өз мүмкіндіктерін пайдаланып, жоғары жетістіктерден көрініп жүр. Облыстағы инновациялық мектептерге осы тәжірибені тарату қажет. Себебі, алдағы уақытта мұндай оқу ошақтары аудандарда ашылатын болады. Біздегі мұғалімдер курстардан өтіп, ІТ бағытында білімін толықтырды.  Мұнда барлық пәндерде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқытуға мүмкіндік жасалуда, – деді №3 ІТ мектеп-лицей директоры Меруерт Әбдіқалықова.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.
12 ақпан 2019 ж. 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (1527)

16 сәуір 2019 ж.

№27 (1526)

13 сәуір 2019 ж.

№26 (1525)

09 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 840 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам