Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Халық сенімі қашанда маңызды

Халық сенімі қашанда маңызды

  Қалалық мәслихаттың мәжіліс залында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Оған өңірде жұмыс сапарымен жүрген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бейбіт Мамраев, Кәрібай Мұсырман, Нұрлан Дулатбеков пен Абзал Ералиев қатысты.
Онда «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасының жобасы таразыланды. Бағдарламада еліміздің әрбір тұрғынының жайлы өмір сүруіне және әл-ауқатын арттыру мәселесі қаралған.
Жүздесу барысында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубай Әбішев партияның өткені мен бүгіні жайында әңгімелеп берді.
– Аталмыш партия бүгінгі күні өзінің мықты құрылымдары мен берік ұстанымы арқасында халық сеніміне ие болған үлкен саяси институт. Сондықтан біз үшін халықтың сенімі қашанда маңызды. Осы орайда бұл бағдарлама келешектің кемел болуының кепілі болатынына сенімдімін, – деді ол.
Ал, қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударды. Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті одан әрі өркендетудің жаңа бағыттарын нақтылап берді. Сондай-ақ, биыл жастар жылы деп жарияланды. Ұстаздар мәртебесі мәселесі де бүгінгі күн талаптарының бірі.
Одан соң «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов бағдарлама мақсаттарына жеке-жеке тоқталып, оны жүзеге асыруда әрбір партия мүшесі жауапты екендігін назарға салды.
– Партия бағдарламасында қамтылып отырған әрбір бастамаға ерекше ден қойып, табысты жүзеге асуына еңбек етуіміз қажет. Сонда біздің бағдарлама аясындағы белсенді жұмысымыз еліміздің әрбір тұрғынының жайлы өмір сүруіне және әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретін болады, – деді Ш.Әбдірахманов.
Конференцияға қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары партияластарының ортақ мүдде жолындағы игілікті бастамаларына сәттілік тіледі. Жиынды қорытындылаған "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев алдағы он жылдықта әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін сапалы арттыру үшін елді жүйелі жаңғыртуға мүмкіндік беретін бағдарлама болатынына сенім білдірді.
Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
12 ақпан 2019 ж. 330 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (1579)

15 қазан 2019 ж.

№79 (1578)

12 қазан 2019 ж.

№78 (1577)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 458 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам