Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Үлгілі істен үйренерің көп болсын

Үлгілі істен үйренерің көп болсын

   Цифрландыру еліміздің дамуында стратегиялық басымдыққа ие болып келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды тиімді үйлестіру мақсатында цифрлық технологиялар басқармасы нәтижелі жұмыстар атқаруда.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Smart city» тұжырымдамасы бойынша былтыр аймақта 40 жоба жүзеге асқан. Қызылорда облысы «Ақылды басқару» бағытында пилоттық аймақ ретінде таңдалды. Жоғарыда аталған жобалар 10 бағыт бойынша жүзеге асады. Оның ішінде 5 негізгі жоба «Smart City» аясында білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй, көлік және қауіпсіздік салалары бойынша өмірімізге енеді.
– Ал, білім беру саласында аймақтағы оқу орындарын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы компьютермен қамту бойынша шаралар қабылданды. Өткен жылы аймақ мектептерінің барлығы жоғары жылдамдықты интернет және Wi-Fi желісімен жабдықталады. Сондай-ақ, «Күнделік» электронды журнал жүйесіне қосылды, – деді облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Индира Ақжігітова.
Денсаулық сақтау саласы бойынша өңірдегі медициналық мекемелерде кежолақты интернет желісі орнатылған. Медицина мекемелерін «қағазсыз айналымға» көшіру бойынша жұмыс басталды. Тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметті жақсарту мақсатында «Облыстық медициналық орталықта интеграцияланған операциялық жүйені орнату» жобасы жүзеге асырылуда.
Ауыл шаруашылығында азық-түлік тауарлары саудасын жүйелеу мақсатында www.agrosauda.kz сайты іске қосылған. 2018 жыл көлемінде сайтқа 1100 өнім өндіруші тіркеліп, 280 хабарландыру жарияланған. Осы жобаны жүзеге асыру ауыл шаруашылығы саласындағы тауар өндірушілерінің кемінде 30%-ын электронды сауда-саттық жүйесіне тартуға, азық-түлік бағасын кем дегенде 10% тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта «Автоматтандырылған жылыжай құрылысы» жобасын іске қосу жоспарлануда.
Ауылшаруашылығы саласында 2018 жылы жоспарланған өнім 600 тонна болса, одан кейінгі жылдары 900 тоннаны құрайтын болады. Сонымен қатар, ветеринардың жұмыс жүктемесін 25% -ға төмендету және еңбек шығындарын 40% төмендету үшін «Mobi-Vet» жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Шиелі ауданының «Ақмая» шаруа қожалығының жұмысын, оның шегірткелермен күресте дронды пайдалану тәжірибесін арнайы атап өткен жөн.
Кәсіпкерлік саласында 2017 жылдың 30 қаңтарында «Кәсіпкерлер орталығы» құрылған болатын. Қазіргі таңда аталмыш орталық «бір терезе» қағидаты бойынша кәсіпкерлерге 40-тан астам қызмет түрін көрсетеді. Орталықтағы барлық қызметтер ақысыз ұсынылады. Сондай-ақ, жер учаскесін жалға беру-сату құқығын тапсыру үшін сауда-саттық процесін автоматтандыру бойынша «Жер учаскелерінің онлайн-аукционы» жүйесі құрылды.
Қызылорда облысы «Ақылды басқару» бағытында пилоттық аймақ ретінде таңдалды. Оның шеңберінде жаңа кіші жүйелерге арналған «Ситуациялық орталықтың ақпараттық-талдау жүйесін дамыту» жобасы іске асырылып жатыр. Сонымен қатар, дарынды жастарды қолдау үшін техникалық лабораториялар мен коворкинг орталығының қызметтерін көрсету, ІТ-стартап-жобаларын және бизнес-инкубаторды дамыту мақсатында Қызылорда қаласында «ІТ паркі» құрылды.
– Еске салайық, биылғы жылы аймақта смарт-менеджмент, білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй, көлік, қауіпсіздік және бизнес саласында 50 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Жалпы құны – 16,78 млрд.теңге. Оның 14,49 млрд.теңгенің жобалары мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында, – деді И.Ақжігітова.
Цифрландыру – бүгінгі күннің үлгілі ісіне айналды. Сондықтан бұл салада үйренеріміз көп.
Биболат Сәтжан.
12 ақпан 2019 ж. 33 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (1513)

19 ақпан 2019 ж.

№13 (1512)

16 ақпан 2019 ж.

№12 (1511)

12 ақпан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 484 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам