Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Аралда атқарылған іс көп

Аралда атқарылған іс көп

    Арал ауданы үшін өткен жыл жемісті болды. Әсіресе, білім саласы бойынша жетістік мол. Елді мекенде мұғалім мәртебесін көтеру мақсатында үздік ұстаздар марапатталып келеді. Облыстық бюджеттен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 50 мектепке 981 дана компьютер алынған. Сондай-ақ, 3-6 жас аралығындағы 4598 бала балабақшамен толық қамтылған. Соның нәтижесінде Аманөткел ауылдық округінен 60 және Бекбауыл елді мекенінен 50 орындық жеке балабақшалар пайдалануға берілген.  Ал ҰБТ қорытындысы бойынша аталмыш аудан ІІ орыннан көрініп, мектепті тәмамдаған 829 түлектің ішінен 37 «Алтын белгі», 13 «Үздік аттестат» иегерлері атанды.  
Сонымен қатар, өнеркәсіп және кәсіпкерлік  саласында да өсім бар. Ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндіру өткен жылы 12,5 млрд. теңгені құрап, толықтай орындалған. Өткен жылы  28,5 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылған.  Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев әлеуметтік-экономикалық өсу жолдарын кеңінен саралады. Ол кәсіпкерлік саласы бойынша шағын және орта бизнестің артып келе жатқанын тілге тиек етті. Өткен жылы Арал ауданы кәсіпкерлік саласының көрсеткіші бойынша республикадағы 290-ға жуық аудан ішінен 7-ші орынды иеленген. Бизнес субъектілері 4237 бірлікті құрап, 5292 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. «Бизнес Бастау» жобасы бойынша 240, «Бизнес Кеңесші» жобасы негізінде 135 адам оқытылып, кәсіпкерлікті бастауға көмек алған.
Аудандағы мал шаруашылығында өндірілген өнім жыл санап біршама артқан. Ал агроөнеркәсіп кешеніндегі жалпы өнім көлемі 6,6 млрд теңгені құраған.
– Ауданда қазіргі таңда жылдық қуаты 18900 тоннаны құрайтын 7 балық өңдейтін зауыт жұмыс жасауда. Жалпы аудан бойынша өткен жылы 6916 тонна балық ауланды. Оның ішінде 3575 тоннасы өңделіп, 1950 тонна балық өнімдері шет елдерге экспортқа шығарылды, – деді аудан әкімі.
Ауданда мемлекеттік жастар саясаты бойынша да жүйелі жұмыстар жасалған. Мәселен, жыл соңында Арал қаласындағы орталық кітапхана жанынан «Коворкинг» орталығы ашылды. Аталған орталық жас өрендердің бос уақытын тиімді пайдалануға өз септігін тигізуде.
Денсаулық саласы бойынша да атқарылған іс-шаралар өз нәтижесін беруде. Бұл саладағы басты жаңалықтардың бірі – ауданда заманауи медициналық аппараттармен және кеңселік жиһаздармен жабдықталған жаңа аудандық орталық аурухана пайдалануға берілген.
   – Жаңа аурухана Жапония, АҚШ, Германия, Ресей, Ұлыбритания елдерінің емдеу-диагностикалық құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Сондай-ақ, Қамыстыбас, Қарақұм, Аманөткел дәрігерлік амбулаторияларына да жаңа медициналық жедел-жәрдем автокөліктері берілді. Аудандық ауруханаға жағдайы ауыр науқастарды облыс орталығына жеткізу үшін арнайы медициналық жабдықтармен жабдықталған реанимобильді автокөлік сатып алынды, – деді М. Оразбаев.
Баспасөз мәслихатында аудан әкімі құрылыс, спорт, мәдениет салаларын назардан тыс қалдырған жоқ. Ат­қа­ры­лып жатқан толымды тірліктер мен межелі міндеттерге тоқталып өтті. Сонымен қатар, әлеу­меттік қолдау, автомобиль жолдары, жұмыспен қамту, жастар саясаты мәселесіне қатысты жоспарланған жобалар жүзеге асуда. Аталмыш салалар бойынша ел игілігін көріп отырған істерді баяндады.
Арал ауданының жетістіктері бұдан да ілгері арта түсіп, халықтың тұрмыстық әлеуеті көтеріліп, жұмыссыздық жойыла түспек. Бұл жағынан барлық мүмкіндік қарастырылған.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.
12 ақпан 2019 ж. 105 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (1529)

23 сәуір 2019 ж.

№29 (1528)

20 сәуір 2019 ж.

№28 (1527)

16 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 916 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам