Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...»

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...»

   Қазақ поэзиясында өз орнын еншілеген ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Хан тәңірін аңсау» атты ақынның поэмаларын жатқа оқудан оқушылар арасында қалалық байқау өткізілді.
Мұқағали поэзиясы қазақ өнерінде жоғары бағаланады. Оның өлмес өнері, қанатты поэзиясы халқымыздың парасатын кемелдендіре түсті. Ақынның қырық бес жылдық өмірінде аударма саласында да еңбегі зор болды. Әлем әдебиетінің ірі өкілдерінің өлеңдерін қазақ тілінде сөйлеткен қаламгердің кітаптары өмірден өткеннен кейін он мыңдаған данамен басылып шығып жатты.
Байқаудың ашылу салтанатында ҚР мәдениет қайраткері, ақын, сценарист-режиссер Оңталап Нұрмаханов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Күні бүгінге дейін ақынның шығармашылығына халықтың құрметі бір мысқал кеміген емес. Бүгін М. Мақатаевтың өлеңдері мен шығармаларының, ой-толғауларының жастар арасында жатқа оқылып жатқаны соның дәлелі, – деді О.Нұрмаханов.
Шараға қаланың барлық мектептерінен 25 талапкер қатысты. Байқау талабы бойынша қатысушы талапкер М.Мақатаевтың  «Ару ана», «Райымбек, Райымбек», «Аққулар ұйықтағанда»  атты поэмаларын жаттап, қазылар алқасының шешімі бойынша поэмалардың кез келген жерінен жалғастырып кету керек. Байқауға ҚР мәдениет қайраткері, ақын, сценарист-режиссер Оңталап Нұрмаханов, ардагер, мұқағалитанушы Айдарбек Қазбеков, «Қауырсын» жас ақындар үйірмесінің жетекшісі Мамыр Байдаулетов қазылық етті.
Ақынның шеберлігі – өмірден өзін, өзінен өмірді көре білуінде. Мұқағалидың адамзат ғұмыры мен әлем сырын жыр еткен лирикасы қазақ әдебиетіне қомақты мұра боп енді. «Бүкіл менің жазғаным – бар-жоғы бір ғана бүтін поэма. Адамның өмірі мен өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма» дейді ақын. Өнер иесінің өзі айтқан бүтін поэмаларын жатқа оқыған бүлдіршіндер арасынан қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені № 173 мектептің 9 сынып оқушысы Зейнекамал Әбдіхалықова иеленді.
    Сондай-ақ, бірінші орынға № 4 мектептің 6 сынып оқушысы Жанерке Кәрібаева, екінші орынға № 8 мектептің 9 сынып оқушысы Алина Мұратова, үшінші орынға № 128 мектептің 8 сынып оқушысы Бердібек Мұнарбаев лайық деп танылды. Жүлдегердің барлығы ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Шараны белгілі мұқағалитанушы Айдарбек Қазбеков қорытындылап, өнерлі жастарға өз лебізін жеткізді.
– Қазіргі жас ұрпақтың бойын жақсылыққа, ізгілікке, өз ұлтын сүйе білуге баулысақ, сол арқылы мына күрмеуі көп қиын заманда бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен, халқына деген махаббатын тек поэзияда ғана емес, өмірде үлкен азаматтықпен қорғай білген М.Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емес, – деді А.Қазбеков.
Мұқағалидың «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» деген өлең жолдары бар. Поэзия парасатын терең ұғына білген ақын шынында бес күн жалғанның талай иірімін жырға қосты. Елдің жүрегінде жазылып қалды.
Қалған қатысушы талапкерлерге алғыс хаттар мен мәдениет үйінің жанынан құрылған «Қауырсын» жас ақындар үйірмесінің мүшелерінің шығармаларынан тұратын «Ақ қанат өлең» атты кітабы табыс етілді.
Биболат Сәтжан.
12 ақпан 2019 ж. 204 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1552)

13 шілде 2019 ж.

№52 (1551)

10 шілде 2019 ж.

№51 (1550)

06 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 278 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам