Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Астанада шахматтан әлем чемпионаты өтеді

Астанада шахматтан әлем чемпионаты өтеді

    Астанада наурыз айында классикалық шахматтан командалық әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо сайты. Әлемнің 14 елінің ең үздік құрамалары қатысатын чемпионат елімізде алғаш рет өткелі отыр.       
  Турнирде Қазақстан, Қытай, Әзербайжан, Иран, АҚШ, Мысыр, Ресей, Польша,  Ұлыбритания, Үндістан, Украина, Грузия, Венгрия, Армениядан 20 құрама ойнайды. Оның 10-ы - ерлер құрамасы болса, қалған 10 - әйелдер командасы. Олардың арасында әлем чемпиондары, континенттік чемпиондар, FIDE 2018 Олимпиадасынан кейін ең жоғары рейтингтерге қол жеткізген 6 команда, қабылдаушы федерациядан екі команда, сондай-ақ FIDE президенті ұсынған екі команда болады.  Командалық есепте әлем чемпионы атағы - ерлер және әйелдер командалары үшін бөлек беріледі.    
   Қазақстан құрамасының намысын еліміздің ең мықты шахматшылары Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Гүлісхан Нахбаева, Гүлмира Дәулетова, Ринат Жұмабаев, Мұртас Қажғалиев, Әнуар Исмағамбетов, Денис Махнев, Петр Костенко қорғайды. Әлем чемпионаты айналмалы жүйе бойынша 9 раундтан тұрады. Турнирге спортшылар, төрешілер, қонақтар, жалпы 100-ден астам адам қатысады.
Фото: elorda.info

12 ақпан 2019 ж. 238 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (1562)

17 тамыз 2019 ж.

№62 (1561)

13 тамыз 2019 ж.

№61 (1560)

10 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 750 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам