Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордалықтар мемлекеттік қызметтерді саусақ таңбасымен алатын болады

Қызылордалықтар мемлекеттік қызметтерді саусақ таңбасымен алатын болады

  Қызылорда Астана және Алматы қалаларынан кейін мемлекеттік қызметтерді алудың биометриалық әдісін енгізген үшінші аймақ болды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалы бүгін облыс әкімінің жыл сайынғы есептік кездесуінде жаңа сервистің ресми таныстырылуын өткізді.
Енді қызылордалықтар мекенжай анықтамасы мен жылжымайтын мүлікке құқықтары туралы анықтама алу мемлекеттік қызметтерін тек саусақ таңбасын пайдалана отырып алуға мүмкіндікке ие болды.
Ол үшін бұрынғыдай электронды цифрлық қолтаңба немесе жеке куәлігінің қажеті жоқ. Жобаға қатысу үшін азаматтардан оң және сол қолдың көрсеткіш саусақтарының іздері талап етіледі. Бүгінгі таңда бүкіл әлемде қолданылатын халықаралық стандарттарға сәйкес бұл сервис түрін оператордың көмегімен бас-аяғы 5 минуттың ішінде рәсімдеуге болады.
Мамандардың айтуынша, жаңа жүйе азаматтардың дербес деректерін қорғауды күшейтіп, өз бетінше ала алатын қызметтер санын арттырады, сондай-ақ қызмет алу кезінде олардың физикалық қатысу қажеттілігін болдырмайды.
Айта кетейік, мемлекеттік корпорация биометриялық сервисті өткен жылдың желтоқсан айында енгізген болатын. Алдағы уақытта биометриялық әдіспен алатын қызметтер қатарын көбеймек.
13 ақпан 2019 ж. 153 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (1529)

23 сәуір 2019 ж.

№29 (1528)

20 сәуір 2019 ж.

№28 (1527)

16 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 916 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам