Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ең ақылды және дені сау балалардың қай айда туатыны анықталды

Ең ақылды және дені сау балалардың қай айда туатыны анықталды

   Зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып, ең ақылды және дені сау балалар қай айда туатынын анықтап көруге болады. Ғалымдар ең ақылды және дені сау балалар қай айда дүниеге келетінін анықтады. 
Кембридж ғалымдары 6-дан 15-жасқа дейінгі 1,2 миллион баланың ақыл-ой дамуына талдау жүргізген. Зерттеу Флориданың мемлекеттік мектептерінде жүргізілді. Бұл жұмыстың нәтижесінде қыркүйек айында туған балалардың оқу үлгерімі жоғары болғаны анықталды. Бұдан бөлек, қыркүйекте дүниеге келгендер кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған түрмелерге басқаларға қарағанда азырақ түскен. Сондай-ақ ғалымдар ересек адамдардың арасында да зерттеу жүргізген. Олар жоғары оқу орындары түлектерінің арасында жақсы оқып, жоғары балл жинағандардың да қыркүйекте өмірге келгенін анықтады. Мұндай ақпарат National Bureau of Economic Research басылымында жарияланды. 
Айтпақшы, бұдан өзге ғалымдар дені сау балалардың қай айда туатынын анықтап көрген. Бұл мақсатта олар 1,7 миллион адамның 20 жыл ішіндегі мәліметтеріне талдау жасаған. Сөйтіп, ең дені сау адамдар мамыр айында туатыны белгілі болды. Ал қазан айында дүниеге келгендер дәрігерлерге жиі қаралады екен. 
Мінеки, ғалымдар жүргізген зерттеулердің қорытындысы осындай. Дегенмен, баланың ақыл-ой қабілеті мен денсаулығы ата-анасының генетикасы, жасайтын жағдайы мен тәрбиесіне байланысты екенін ұмытпаған жөн.
sputniknews.kz

13 ақпан 2019 ж. 407 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1552)

13 шілде 2019 ж.

№52 (1551)

10 шілде 2019 ж.

№51 (1550)

06 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 278 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам