Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 2018 жылы 12 спорт кешені салынды

2018 жылы 12 спорт кешені салынды

   Қызылорда облысында 2018 жылы 12 спорт кешені салынды. Оның 7-уі облыстық бюджет қаражаты есебінен, қалған 5-уі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерді. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдындағы есепті кездесуінде айтты.
2018 жылы облыстық бюджет қаржысы есебінен 7 елді мекенде (Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен ауылдары және Сексеуіл, Төретам кенттерінде)спорт кешендері салынды.
Оған қоса, «Мұз айдыны» спорт кешенінде ашық жүзу бассейні ашылды.
Қызылорда қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионды қайта жаңғырту басталды.
Айта кету керек, облыс спортшылары 2018 жылы Қазақстан Республикасының чемпионаттарында 1343 медаль (441-алтын, 421-күміс, 481-қола) жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында 131 медальға (47- алтын, 43-күміс, 41-қола) ие болды.
8 спортшы - «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 62 спортшы – «Қазақстан Республикасының спорт шебері», 1 073 спортшы – «Спорт шеберлігіне үміткер», 307 спортшы – «1-ші cпорттық разряд» нормативін орындады.  Облыстың 470 спортшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама сапына енді. «Қайсар» футбол командасы Қазақстан Республикасының Чемпионатының  Премьер-Лигасында 5-орынды иеленді.
2019 жылы Қызылорда облысында алғаш рет ерлер арасында бокстан ҚР чемпионаты, сондай-ақ парадзюдо бойынша 10 мемлекет, оның қатарында АҚШ қатысатын халықаралық турнир өтеді.
13 ақпан 2019 ж. 274 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (1562)

17 тамыз 2019 ж.

№62 (1561)

13 тамыз 2019 ж.

№61 (1560)

10 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 750 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам