Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордалық жігіт тұрмысы төмен отбасыларға компьютерді тегін таратып жүр

Қызылордалық жігіт тұрмысы төмен отбасыларға компьютерді тегін таратып жүр

   Қызылорда қаласының тұрғыны Ғабит Нұрқожаев бір жылдан бері жұмыстан босаған уақытында қоғамға өз пайдасын тигізіп, қайырымдылықпен айналысып жүр. Ол жағдайы төмен отбасыларға тегін компьютерлік қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Қайырымдылықпен айналысып, қоғамға жақсылық жасау үшін қыруар қаражат пен алып күштің қажеті шамалы. Бастысы ниет болса болғаны. Қазіргі ақпараттық технологиялар заманында әр үйде бір компьютер болса артық емес. Ал айлығы шайлығынан ауыспайтын кейбір отбасыларда ол қайдан болсын?! Ғабит те осы бағытта жұмыс істеп, бала арманын іске асырып келеді. Яғни халықтан жиналған техникалық бөлшектерден компьютер құрастырып, жағдайы төмен отбасыларына таратып жүр.
«Менің балалық шағым керемет, жағдайы жасалған отбасында өтті дей алмаймын. Ер жетсем мен де жағдайы төмен отбасыларына көмектесемін деген бала арманым болды. Ер жеттік, білім алдық. Шүкір жұмысым да бар. Бірақ ішімдегі жұртқа көмектессем деген арманым ойымнан шықпай қойды. Сөйтіп бір жыл бұрын осы жұмысты қолға алдым. Мұнай компаниясындағы вахталық жұмысымнан босаған кезде жағдайы төмен отбасыларына барып тегін компьютерлік қызмет көрсетем. Сонымен қатар жұрттан жиналған компьютер құрылғыларынан бір компьютер құрастырып шығамын. Осы бір жылдың ішінде 6 отбасыға компьютер тараттым, әлі де таратсам ба деген үміттемін. Алайда, сұраушылар көп, бірақ компьютер бөлшектері аз болып тұр. Уақыт өте бұл жоба да қолдау табады деп ойлаймын. Қынжылтаны, ірі техникалық компаниялардан көмек сұрағанымда бұл бастамама қосылмады, тіпті бас тартты», – дейді Ғабит Нұрқожаев.


14 ақпан 2019 ж. 249 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1552)

13 шілде 2019 ж.

№52 (1551)

10 шілде 2019 ж.

№51 (1550)

06 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 278 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам