Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Денис Тен туралы деректі фильм түсірілді

Денис Тен туралы деректі фильм түсірілді

    Алматыда Денис Тен туралы деректі фильм жарыққа шығады. Бұл туралы Денис Тен қоры хабарлады.
   Деректі фильмді 23 ақпан мен 3 наурыз аралығында Бекмамбетов Синема кинотеатрынан көруге болады. Туынды белгілі спортшының мұзайдындағы шоуы туралы болмақ.
    Еске салсақ, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00-дер шамасында болды. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Теннің оң жақ санының жоғарғы тұсынан пышақ салды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. 2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері Теннің өміріне араша түсе алмады. Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды.
17 қаңтарда спортшының өліміне айыпты тұлғалар сотталды. Құдайбергенов пен Қиясов 18 жылдан арқаласа, Толыбаева 4 жылға сотталды.
14 ақпан 2019 ж. 75 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (1513)

19 ақпан 2019 ж.

№13 (1512)

16 ақпан 2019 ж.

№12 (1511)

12 ақпан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 484 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам