Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «ЖАСТАР ЖЫРЛАЙДЫ»: БАС ЖҮЛДЕ – НҰРМАТ МАНСҰРОВТА (фото)

«ЖАСТАР ЖЫРЛАЙДЫ»: БАС ЖҮЛДЕ – НҰРМАТ МАНСҰРОВТА (фото)

   Бүгін Қызылордада «Жастар жырлайды» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы шараны Жастар жылы және Әйтеке би Бәйбекұлының 375 жылдығына арнап ұйымдастырды, - деп хабарлайды syrboyi.kz сайты.
Жыр додасына қатысқандар қатарында Аспанбек Шұғатаев (Павлодар қаласы), Рүстем Қайыртайұлы (Алматы қаласы), Аруна Керімбек (Тараз қаласы), Біржан Байтуов (Шымкент қаласы), Дәурен Ысқақ (Астана қаласы), Райымбек Өтепов (Орал қаласы) және қызылордалық Нұрмат Мансұров, Сырым Әділбек, Нұрзат Қару, Бексұлтан Орынбасаровтар бар.
Қазылар алқасына ақын Жүрсін Ерман төрағалық етсе, оның құрамында «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, республикалық «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан, жазушы-журналист Айжарық Сәдібекұлы, айтыскер ақын Кенжебай Жүсіпов болды.
Сөз додасының қорытындысымен 3-орынды Аруна Керімбек, Аспанбек Шұғатаев (300 мың) иеленсе, 2-орынға Біржан Байтуов (400 мың), 1-орынға Рүстем Қайыртайұлы (700 мың) лайық деп танылды. Бас жүлдені жерлесіміз Нұрмат Мансұров еншіледі.




































14 ақпан 2019 ж. 61 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (1513)

19 ақпан 2019 ж.

№13 (1512)

16 ақпан 2019 ж.

№12 (1511)

12 ақпан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 484 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам