Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жаңашыл жобалар жемісі

Жаңашыл жобалар жемісі

   Бүгінгі күні қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіліп, жаңа талаптар алға қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа сапалы білім беру мақсатында орай оның мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттің бірі. Сыр өңірінде ІТ мектептер ашу, робототехника саласын дамыту кезең-кезеңімен орындалуда. Осы орайда облыс орталығындағы №3 мектеп-лицей өңірдегі алғашқы инновациялық білім ұясына айналды. Алдағы уақытта оқу ошағынан IT сыныптар ашу, робототехника саласын дамыту сынды бағыттар педагогикалық ұжымға жауапкершілік жүгін артып отыр.
Қазір қазақ және орыс тілдерінде білім беретін №3 IT мектеп-лицейде 61 сынып кешені бар. Онда екі ауысымда 1949 өрен оқиды. Оларға 164 педагог білім нәрін құяды. Білім ұясында 53 жоғары санатты, 34 бірінші санатты, 38 екінші санатты және 29 зерттеуші-педагог, 19 сарапшы-педагог, 9 модератор-педагог еңбек етуде. Деңгейлік курстарды  бітіріп, табысты қызмет етіп жүрген ұстаздардың да қатары артқан.
– ІТ-мектеп-лицейі статусын алғаннан кейін мектепке қосымша лаборант, жүйе технигі, бағдарламашы штаты берілді. Ғимараттың материалдық-техникалық базасы ақпараттық технология бағытында жабдықталуда. Мұнда өрендердің көп­салалы ғылымның тереңіне бойлап, оны зерттеп-зерделеуіне толық мүмкіндік қарастырылған. Бізде 3 сынып кабинеті ІТ-сынып болып қайта жабдықталды. Қалалық білім бөлімі тарапынан 12 компьютер, лед-панельді қамтитын 3D кабинет және 20 компьютер, 12 дана роботехника жинағы қосымша базалық жинағымен берілді. Бүгінгі таңда STEM жүйесі бойынша ІТ және робото­техника сыныбы қолданысқа енді. Облыс мектептері арасында өткізілген «Үздік білім беру ұйымы» байқауынан жеңіп алған 17 миллион теңге көлеміндегі грант қаражатын ақпараттық тех­нологияны оқытуға арналған құралдарға жұмсадық. Ноутбук, 3D принтер, Smart kaap элек­тронды флипчарты алынды. Сонымен қатар, облыстық білім бас­қармасымен бірлесе отырып, «ІТ жол картасы» дайындалып, 3D кабинеттер, цифрлық зертханалар, компьютерлер және тағы да басқа жабдықтар алу арнайы жоспарға енді, – деді мектеп-лицей директоры Меруерт Әбдіхалықова.
   Болашақ тың дүниелерді меңгерген өрендердің қолында. Сондықтан да оқушылар тек жаңа технологиямен танысып қоймай, роботты бағ­дарламалау, инновациялық тех­­но­логияларды одан әрі игеруге икемделуде. Инновациялық мектеп болып ашылғаннан бері оқушылары бірнеше рет аймақтық, рес­пуб­ликалық олимпиадаларға қаты­сып үлгерді. Яғни, ұстаз мәртебесін арттыруда оқушы жетістігінің маңызы зор.
Мектепте аймақ мәртебесін көтеріп жүрген өрендер жеткілікті. Мәселен, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында республика, облыс, қала, көлемінде жүргізіліп жатқан әртүрлі іс-шараларда «Робототехниканы тізгіндеген өрендер», «Ата-анам, мен және робот», «Robofest-2018»,  Кёгерьлинг квадро категориясы бойынша аталмыш мектеп оқушылары жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңінде 4 оқушы жүлдегер атанса, қалалық  «Ақпараттандыру әлеміне саяхат» атты мультимедиялық фестивальде жыл сайын жүлделі орындардан көрінеді.
Балаларға ІТ бағ­дарламаларды, робототехниканы меңгеріп кетуіне жағдай жа­сау да күн тәртібінен түспек емес. Сол үшін де технологиялық жаңалықтарды танып-білуге ұмтылу қажет. Қазір оқушыларға «Python Programming», «3D модельдеу және анимациялау», «Web программалау және сайт құру негіздері», «Си++ программалау тілі» бойынша арнайы курс­тар жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күн талабынан туындайтын жаңартылған білім мазмұнындағы курстардан 6 информатика пәні мұғалімі кәсіби біліктілігін арттырған. Ал 2015-2020 жылдарға арналған үш тілде білім беруді дамытудың Жол картасы аясында информатика пәні бойынша ағылшын курсынан 2 мұғалім курс бітірген.
– Алға  қойған мақсатымыз айқын, келешегіміз жарқын. Олай болса, осы кезеңге дейін жеткен жетістіктерімізді одан әрі дамытып, туған еліміздің болашағы – шәкірттерімізді ақпартаттық технолгияларды жақсы меңгерген, жаңалық ашуға жаны құмар ұрпақ етіп тәрбиелеуге күш саламыз, – деді Меруерт Әбдіхалықова.
Бастысы, ІТ мектеп-лицей – аймақтағы заманауи, сапалы білім беретін ордалардың бірі. Әр жаңа оқу жылында жаңаша серпін, жаңашыл білім әдістерін қолданысқа енгізуден аянбайтын оқу ордасының алдағы жоспары да ауқымды. Басты қағидасы – шәкіртіне заманына сай сапалы білім, саналы тәрбие беру, ұстазға қолдау білдіріп, тәжірибесін арттыру, біліктілігін көтеру.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.
Суреттерді  түсірген Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.
23 ақпан 2019 ж. 1 160 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (1640)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 977 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам