Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сыр елінің тәртіп сақшылары бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады

Сыр елінің тәртіп сақшылары бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады

   Қызылордада «Бақытты балалық шақты қорғау» жобасы аясында қайырымдылық концерт өтті. Шара Асқар Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өтті. Қайырымдылық концерттің басты қонағы ретінде «Азия дауысы» фестивалінің және «Дарын» конкурсының лауреаты, танымал әнші Бейбіт Қорған шақырылды. Сонымен қатар концертті аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары, полиция органдарында есепте тұрған жасөспірімдер тамашалады.
Ішкі істер министрлігінің бастамасымен «2018 жыл – бақытты балалық шақ» жылы болып жарияланған болатын. Аталған имидждік жоба қоғамдағы балаларға қатысты жасалатын заңсыз әрекеттердің жолын кесу, оларға қолдау көрсету қағидатын қалыптастыруға бағытталған.
Қайырымдылық концертте балалар мерекелік көңіл-күйге бөленді.
Концерттің соңында Қызылорда облыстық полиция департаментінің басшылығы осы жобаға қолдау білдіргені үшін Бейбіт Қорғанға алғыс хат табыстады.

04 наурыз 2019 ж. 121 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (1536)

18 мамыр 2019 ж.

№36 (1535)

14 мамыр 2019 ж.

№35 (1534)

09 мамыр 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 3 287 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам