Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада ең сұлу бұрымды қыз таңдалды

Қызылордада ең сұлу бұрымды қыз таңдалды

  Қызылордада қыздар арасында жыл сайынғы "Бұрымды ару - 2019" байқауы өтті. Биылғы шара жастар жылы аясында ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  
Жарысқа қаланың оқу орындарынан 10 ару қатысты. Студент қыздар қолаң шаштары мен өз өнерлерін көрсетіп, қолынан қандай іс келетінін паш етті. "Ұзын бұрым - қыз сұлулығы". Байқаудың барлық қатысушылары осылай деп санайды. Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды. Жас қыздар сайыстың әр кезеңінде креатив көрсете білді. Олар видеоролик дайындап, ән айтып, би биледі. Атақты шығармалардан көріністер көрсетілді. Қатысушыларды жанкүйерлер қолдады. Қатысушылар ұлттық салт-дәстүрлерді қалай ұстанатынын көрсетті. Әр түрлі шаш өру тәсілдерін көрсетіп, шаш күтімі құпиялары туралы айтты. Байқаудың ұйымдастырушылары қыздардың дайындығын жоғары деңгейде бағалады. "Мен Мәншүк Мәметова атындағы гуманитарлық колледжде оқимын. Бала кезінен шашымды мұқият күттім. Анам әрқашан ұзын бұрым кез келген қызды әдемі етіп көрсететінін айтып отыратын. Бұл байқауға қатысқаныма өте қуаныштымын. Қатысушылардың бұрымдары түрлі, өте әдемі. Өзім осы байқауға ұзақ дайындалдым, лайықты өнер көрсетуге тырысамын", - деді байқаудың Гран-при иегері Ақмаржан Орман. 
    "Бұрымды ару - 2019" байқауының жеңімпазы Акмаржан Орман "Бұл байқаудың танымал болғанына біз өте қуаныштымыз. Биыл біз оны үшінші рет өткізіп жатырмыз. Ол дәстүрлі болып барады. Бүгінде барлық нәзік жандылар бұрымды болуды армандаймайды. Алайда, біз ұзын бұрым - нағыз сұлулықтың символы екенін көрсеткіміз келеді. Мен Қызылорда әкімдігіне қолдау көрсеткені үшін ризамын. Сондай-ақ біздің демеушіміз - "Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз" мұнай компаниясына ризашылығымды білдіргім келеді", - деді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Алмасбек Есмаханов. Байқау соңында барлық жеңімпаздар мен қатысушылар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
04 наурыз 2019 ж. 42 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (1519)

16 наурыз 2019 ж.

№19(1518)

12 наурыз 2019 ж.

№18 (1517)

07 наурыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 612 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам