Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстанда мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы 41 мың теңгеге дейін өседі

Қазақстанда мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы 41 мың теңгеге дейін өседі

   Қазақстанда мүгедек балалардың күтіміне берілетін жәрдемақы өседі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
"Мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы жайлы айтатын болсақ, 18 жастан асқан мүгедек балаларға осыған дейін 31 183 теңге берілсе, енді ол жәрдемақы 10 мың теңгеге өсіп, 41 578 теңгеге жетті", - деді Сапарбаев үкіметте өткен баспасөз мәслихаты барысында. Ведомство басшысы министрліктің жергілікті атқарушы орган өкілдерімен біріге отырып, әрбір отбасыға арналған бірыңғай әлеуметтік карта дайындап жатқанын айтты. "Осы картаның негізінде еліміздегі мұқтаж адамдарды анықтап, оларға көмек пен қолдау көрсетеміз. Басты мақсатымыз - денсаулығының болмауына байланысты жұмыс істей алмаған адамдардың жұмысқа орналасуы. Оларға жұмыс орындарын ұсынамыз, орналастырамыз", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. Сондай-ақ, ол мүмкіндігі шектеулі жандар мен ауылда тұратындарға микронесие беру мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтты. Сапарбаев әлеуметтік көмек берудің қалай жеңілдейтінін айтты Еске салайық, мұның алдында министр 1 шілдеден бастап  аз қамтылған отбасындағы балаларға 21 мың теңгеден берілетінін айтқан еді. 

06 наурыз 2019 ж. 54 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (1519)

16 наурыз 2019 ж.

№19(1518)

12 наурыз 2019 ж.

№18 (1517)

07 наурыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 612 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам