Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сәбимен бірге күн де күлімдеп тұрады

Сәбимен бірге күн де күлімдеп тұрады

  «Ерлік білекте емес, жүректе» дегенді дана халқымыз тектен-текке айтпаса керек. Жүректілік емей немене, 2012 жылы Нұрсұлтан, Ерсұлтан есімді егіз ұлды өмірге әкелген жас ана араға 4 жыл салып тағы да егізді бауырына басты. Оларға темірдей тегеурінді болсын деп Темірәлі мен Темірғали деген көркем есім берді. Осылайша, небәрі 37 жасында 9 баланың анасы атанған Индира Елеусінованы қалайша хас батырға теңемессің.        
   Адамда ниет болса, бар жұмысың сәтті жүреді. Менің балаларым үйдің ішкі тәртібіне қалыптасқан. Бір-біріне қамқор болып, әр затты өз орнына қоюға кішкентайынан дағдыланған. Оларға дауыс көтеріп, айқайлап сөйлеу біздің отбасында жоқ. Әкелері математикаға өте зерек. Есепті балаларымызға үйретуге ерінбейді. Біз әкесі екеуміз отбасымыздың қаржысын жоспарлап жұмсағанмен, бала тууды жоспарлап, оған шектеу қою дегенді ойламаппыз. Әр бөбегімізді Алланың берген сыйы деп қабылдап, бар жан-тәнімізбен әкелік, аналық мейіріммен әлпештеп бағып, өсіріп келеміз, – деді Индира ағынан жарылып. Үлкені– 2004 жылғы Динара  кішкентайынан үй шаруасымен қоса, бала бағуға қолғабыс етеді. Одан кейін араға 1 жыл салып дүниеге келген Бекнұр, 5 жылдан кейін 2010 жылы Нұрислам да қазір ата-анасына қолғанат болуға жарап қалды.  Сосын 2012 жылы алғашқы егіз ұлдары Нұрсұлтан мен Ерсұлтан, 3 жылдан соң Нұрия қызы дүниеге келді, 2016 жылы екінші егіз – Темірәлі мен Темірғали,  2017 жылы Жанайым қызымыз жарық дүние есігін ашты.
  Шүкір, біздің елімізде батыр аналарға деген құрмет жоғары ғой. Тек бейбітшілік болса, балаларым әлі-ақ ержетіп, еліне қызмет етеді деп ойлаймын.  Бала – адамның бауыр еті, бақыты, байлығы ғой. Мен осы егіздерді көтергенде ерекше түс көрдім. Екі ер адам келіп, екі қолыма екі баланы ұстатты да ғайып болды. Сол түс көрген күннің ертеніңе УЗИ-ға түстім. Өз көзіме өзім сенбедім. Дәрігердің қорытындысын көріп, қуанып кеттім. Ол құрсағымда егіз бала бар екендігін айтты. Жан-дүниемді кернеген шаттық сезімін сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ана бақытын ешбір байлыққа теңестіре алмаймын, – дейді жүзі балбұл жанған бақытты ана.
Индира бізбен әңгімесінде бір данышпан кісінің айтқан мысалын әңгімелеп берді. «Бірде данышпанға бір әйел келіп: «Бұл өмірде менен сорлы,  менен кедей жан жоқ. Жағдайым өте қиын. Сіз маған көмектесе аласыз ба?» дейді.  Данышпан қыздың қолындағы сәбидің басынан сипады да,  жымиып тұрып
«Кедеймін де...Егер менің көмектескенімді қаласаң, сәбиіңнің бір саусағын маған сат.  Данышпанның бұл сөздеріне таңырқаған қыз «мына кісі мені мазақ қып тұр ма» дегендей кейіп танытты. Алтынға толы бір қапты ұсынған данышпан «Мен баланың тырнағын сатып алуға да келісемін, ауруды сездіртпей аламын.   Мына сөздерге шошып кеткен қыз баласын құшағына қаттырақ қысып кетуге асықты. «Бар болғаны тырнақ қой. Оның қайта өсіп шығатынын өзің де білесің. Баласын бауырына тығып қашып бара жатқан әйелдің  артынан данышпанның «Түсіне алар емеспін.  Сен қандай кедейсің? Бір қап алтынды қолыңдағы байлығыңның кішкентай бөлігіне де айырбастағың келмейді! – деген сөздері естілді. Жоғарыдағы мысалда келтіргендей, мен де бөбектерімнің бір тырнағын да байлыққа айырбастамаймын, – дейді жанары мейірімге толған Индира.   Ана қуанышында шек жоқ.  Емханада үшемді  дүниеге әкелген  Ботагөз есімді жас ананың орнына жатқанын да өзіңе бақытты сәйкестік деп топшылайды ол.  Біз де әзілдеп «мүмкін сен де үшем дүниеге алып келерсің» дегенге  «Әрине,  Алла қаласа, мен қарсы емеспін ғой» деп күлімсіреп қана жауап берді.
Ал, сәби толы шуақты шаңырақтың отағасы Данияр Елеусінов , жоғары оқу орнын тәмамдаған. Дегенмен,  бақытын еңбектен тапқан.  Қалааралық бағыттағы жолаушылар тасымалдайтын көліктің жүргізушісі болып еңбек етеді.  Даниярдың әкесі – Жәнібек те егіздің сыңары екен. Оның егізінің аты –Жолдыбек. Ол да біздің қаланың тұрғыны.
Әрине, тылсым дүниенің жұмбағы мен бізге сыйлар тосын сыйлары да жетерлік. Ол Алла қалаған санаулы жандардың басына қонған бақ болар, бәлкім.  Бақытын балаларының бал күлкісінен тауып,  өркен жайған шаңырақты балауса баққа айналдырған Елеусіновтер әулетінің отбасына бақ пен дәулет қонақтасын деп тіледік.
                                                                            Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА.
07 наурыз 2019 ж. 93 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1537)

21 мамыр 2019 ж.

№37 (1536)

18 мамыр 2019 ж.

№36 (1535)

14 мамыр 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 3 295 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам