Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Погон таққан Ирада

Погон таққан Ирада

        Ішкі істер органдары сырттай қарағанда тәртібі қатал, үлкен қажыр-қайратты, күш-қуатты талап ететін сала болып көрінеді. Дегенмен, ол жерде ер азаматтармен қатар нәзік жандылар да қоғам тыныштығы жолында аянбай қызмет етуде. Полиция қызметіндегі экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының алар орны ерекше. Өте жауапты қызметтте қажырлы қайратының, жігерінің, қайсарлығының арқасында жемісті еңбек етіп жүрген арулар бар. Солардың бірі – Ирада Мақұлбекова. Ол – қамқор ана, адал жар, ибалы келін.
         Мойнына нардың жүгін артқан нәзік жанға қарап, таң қаларың сөзсіз. Иығына погон тағып, жауапты қызметте жүргенімен ол үйінің отын маздатқан аяулы отанасы. Өз ісін абыроймен атқарумен қатар өмірлік серігімен бірге төрт баланы тәрбиелеп, өсіріп отыр.
  2008 жылы «Болашақ» университетінің заңгер мамандығын бітіріп шыққаннан кейін Ішкі істер органдарында еңбек жолын бастады. Күзет қызметінде жұмысын бастаған ол одан кейін анықтау-тергеу саласында, қызмет атқарды. Қазіргі таңда полиция қызметінде  жүргеніне  он жылдай уақыт болыпты.
  Қызметтік форма киіп, иығына погон таққан әйел адамдарды көрсек сол жанға деген ерекше құрмет көрсетіп жатамыз. Қызметінің талабына қарай қаталдықты қалыптастырғанымен әйелге тән қасиетті жоғалтпаған ИрадаҚызылорда облысының полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі лауазымында жұмысын атқарып келеді. Біз онымен сөйлесу барысында оныңбойынан қаталдықтан гөрі мейірімділік пен жүрегінің жұмсақтығын көбірек байқағандай болдық. Оның өзіне жүктелген міндетті мүлтіксіз атқарып, әріптестеріне сыйлы да абыройлы полицейдің өзіндік принципі бар.
         – Ішкі істер саласында еңбек етіп жүрген қыз-келіншектердің еңбегі зор. Себебі, олар осындай қиындығы мол мамандықты алып жүрумен қатар отбасындағы береке-бірліктің ұйытқысы болып отыр. Бала тәрбиелейді, үй жұмысын атқарады. Сондықтан мен өзге әріптестерімнің қайсарлығының, табандылығының алдында басымды иіп, оларды әрқашан мақтап жүремін. Кішкентайымнан погон таққан адамдарға қызыға қарайтынмын. Ол – патриотизм мен тәртіптің нышаны, − дейді Ирада.
  Жыл сайын біздің департаментте қыз-келіншектердің мерекесіне орай мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Сый-сияпат жасап, нәзік жандыларды ерекше құттықтайды. Әйел адам үшін өз ортаңда сыйлы, қадірлі, аяулы болғанға не жетсін!
– Сондықтан бүгінгідей керемет мерекеде барша әріптес қыз-келіншектерді, аналарымызды, әже-апаларымызды мейрамдарымен құттықтаймын! Шаңырақтарына бақ-береке, амандық, бірлік пен молшылық тілеймін – деген жылы лебізін білдірді кейіпкеріміз.
            Расында, әрқашан эстремизммен күресудің алдыңғы шебінде жүрген ол қандай мақтау мен марапатқа болсын лайық. Осы салада өз мамандығын ерекше сүйетін әрі біліміне біліктілігі Ираданы қалай мақтасақ та жарасады.
         Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ.
07 наурыз 2019 ж. 257 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (1536)

18 мамыр 2019 ж.

№36 (1535)

14 мамыр 2019 ж.

№35 (1534)

09 мамыр 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 3 287 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам