Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тұман түсіп, жел күшейеді

Тұман түсіп, жел күшейеді

   Қазақстан аумағынан атомосфералық ағындардың өтуіне байланысты елдің басым  бөлігінде күн райы құбылып тұрады. Кей жерлерде жауын жауады. Әсіресе елдің батысы мен оңтүстік-батысында  жауын көп болады. Сондай-ақ елдің бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Бұл туралы ҚазАқпарат "Қазгидромет" РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып хабарлайды.
Солтүстікте желдің соңы боранға ұласуы ықтимал. Солтүстік Қазақстан обысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Сондай-ақ боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Кей жерлерде екпіні секундына 25 метр болуы ықтимал.     Ақмола, Қостанай облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болып, боран соғады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Қостанай облысында желдің екпіні 23 м/с-қа жетуі ықтимал.   Алматы облысында түнде және таң ата тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні секундына 25-метрге жетуі мүмкін. Жамбыл облысында түман түсіп, таң ата және күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.    Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп,  желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.   Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түман түсуі ықтимал.     

11 наурыз 2019 ж. 94 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (1519)

16 наурыз 2019 ж.

№19(1518)

12 наурыз 2019 ж.

№18 (1517)

07 наурыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 612 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам